"Балдәурен" фильмін 11 жыл бойы түсірген америкалық танымал инди-режиссер Ричард Линклейтер өз рекордын жаңартпақ. Ол Джордж С. Кауфман мен Мосс Харттың пьесасына негізделген классикалық "Merrily We Roll Along" мюзиклінің жаңа экранизациясын 20 жыл бойы түсірмек.
Фильмде 20 жастағы режиссер Франклин Шепард пен театр сыншысы Мэри Флиннің серіктестігі көрсетіледі. Қызығы, картинадағы оқиға 1976 жылы басталып, сюжет хронологиясы кері кетеді. Көрермен 50-жылдарға тап болады.
Фильмнің 20 жыл бойы түсірілуінің сыры да осы. Ешқандай арнайы эффектілерсіз актерлер "жасара" береді. Басты рөлдерді 27 жастағы Блейк Дженнер, 26 жастағы Бини Фелдштейн және 25 жастағы Бен Платт сомдайды.