- Негізгі бет
- Кино
- Режиссер Әрі Би-Бек...
Режиссер Әрі Би-Бек Өр Алтайдың "ARQAU-OZOK" деректі фильмі жарыққа шығады
Режиссер Әрі Би-Бектің "ARQAU-OZOK" толықметражды деректі драмасы жарыққа шығады. Фильмді ҚР мәдениет министрлігінің тапсырысымен, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының демеуімен «Centaurus Rustem Abdrashev production» кинокомпаниясы түсірген.
Кинотуындыда қазақтың күнделікті тұрмысында қолданылған, бүгінде ұмытыла бастаған салт-дәстрлері мен тұрмыстық істері дәріптеледі.
Негізгі кейіпкердің отбасы қытайдан көшіп келген. Әкесін көршісі «қытай» дейді. Ол баласына кейісе кейде «өй, қытай» деп қалады. Осылай картинаның бір бұлтарысы әке мен бала арасындағы атақты тақырыпты ғана емес, екі елдің коммустін қақтығыстырады. Қытайлық коммунист Мао Цзэдунды ер десе, Кеңестік коммунист Сталинді мақтайды.
Осыған дейін екі қысқа метражды фильм түсірген Әріби-бек Өр Алтайдың бұл алғашқы толықметражды дебюттік жобасы.
«Арқау» деген бау-басқұр тоқығандағы жалпақ тоқыманың ортасынан жүргізіп отыратын жіп. «Өзек» деген жұмыр нәрселердің, мысалы, қамшы өргенде ортасына салатын өзек. Жалпы, «Арқау-өзек» дегеніміз барлық нәрсенің жаны, алтын діңгегі. Фильм сананың ортарсыздануы туралы. Қазақтардың санасындағы отарсыздану процесін көрсетеді. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жас режиссерлерге осындай мүмкіндік беріп жатқанына алғыс білдіремін», - дейді ол.
Айта кетейік, Әріби Өралтай – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Шабыт» фестиваліның лауреаты. 2009 жылы «Әриям» атты жыр кітабы жарық көрген. 2019 жылы «Күн төркіні – Ағажай» атты еңбегі «Фолиант» баспасынан шыққан. 2015 жылдан бері кино саласында өнімді еңбектеніп келеді. «Қазақ хандығы – Алмас қылыш» – этнографиялық кеңесші, диалог авторы, қоюшы суретшінің ассистенті (2015); «Балуан Шолақ» – қоюшы суретшінің ассистенті (2017); «Қазақ хандығы – Алтын тақ» – этнографиялық кеңесші, көмекші редактор, диалог авторы, қоюшы суретшінің ассистенті (2018); «Томирис» – ат әбзел жасаушы шебер (2018); «Адасқақ» – басты рөлдегі актер, қоюшы суретші (2019); «Абай жолы» – этнографиялық кеңесші, қоюшы суретшінің ассистенті (2020); «Боран» – қоюшы каскадер, суретші (2020-2021); қызметтерін атқарған. Бұдан бөлек «NAZ» қысқа метражды (2021) фильмінің режиссері.
Т. Раушанұлы