Режиссер Әділхан Ержанов азиялық "Оскарға" ие болды

Режиссер Әділхан Ержанов азиялық "Оскарға" ие болды

Қазақстандық режиссер Әділхан Ержанов "Үздік режиссер" номинациясы бойынша "Қап-қара адам" фильмі үшін Asia Pacific Screen Awards премиясына ие болды. Бұл Аустралиядағы Брисбен қаласында өткен премияның жабылу салтанатында белгілі болды.

Әділхан Ержанов аталған премияның "Үздік режиссер" номинациясын иеленген тұңғыш қазақстандық режиссер атанып отыр. "Asia Pacific Screen Awards" (APSA) – кино саласындағы ең ірі әлемдік сыйлықтардың бірі және ЮНЕСКО және ФИАПФ (халықаралық кинопродюсерлер қауымдастығы Федерациясы) қолдауымен өткізіледі. Көбіне оны азиялық "Оскар" деп атайды.

Ержановпен қатар филиппиндік Лав Диас, қытайлық Ван Сяошуай, палестиндік Элиа Сулейман және таиландтық Аноча Сувичакорнпонг сынға түсті.

Номинацияны тағайындау үшін APSA сыйлығының ұйымдастырушылары жыл сайын әлемнің 70 елінен қатысатын туындыларды қарайды. Бұған дейін 2014 жылы Әділхан Ержановтың "Үкілі Камшат" фильмі "Үздік операторлық жұмыс" және "Үздік фильм" номинациясында жеңімпаз атанды, сондай-ақ "Әлемнің ерке енжарлығы" фильмі 2018 жылы "Үздік фильм" және "Үздік сценарий" номинацияларын жеңді.

"Қап-қара адам" фильмінің әлемдік тұсаукесері биыл 23 қыркүйек күні 67-ші Сан-Себастьян Халықаралық кинофестивалінің негізгі конкурстық бағдарламасында өтті. Фильм қазақстандық прокатқа 2020 жылы шығады.

"Қап-қара адам" ауылда өлтірілген баланың тарихын баяндайды. Оны өлтірген Пукуар (Теоман Хос) есімді қылмыскерді жергілікті полиция тауып қойған. Тергеуші Бекзат (актер Данияр Алшинов) істі тез арада жылы жауып қойғысы келеді. Қаладан келген журналист Ариана (Динара Бақтыбаева) бұл іске араласқанда ғана шындық қылмыстық іс жанданады. Енді тергеушіге осы істі өмірінде бірінші рет барлық ережеге сай жүргізуіне тура келеді...

Ағылшын журналы қазақстандық картинаны күтілетін үздік бес фильмнің қатарына қосты

Massaget.kz