"Walt Disney" мен "Pixar" студиялары бірлесе түсірген бұл анимациялық фильм көпшілік назарына 2006 жылы ұсынылды. Бірқатар байқаудың, соның ішінде "Ең үздік толықметражды анимациялық фильм" санаты бойынша "Оскар" сыйлығының жеңімпазы атанған туынды нағыз аспаз болуды армандайтын Реми есімді егеуқұйрықтың оқиғасын баяндайды.
Реми – Францияның үздік аспазы Огюст Гюстоның жанкүйері. Ол осы тұлғаның кітаптары негізінде түсірілген бағдарламаларды сүйіп көреді. Алайда Ремидің әкесі баласының бұл қызығушылығына қарсы. Өйткені ол жалпы адамзатты ұнатпайды. Гюстоның өлімінен кейін Ремидің өмірі астаң-кестең болады. Алдымен ол үйінде тағам дайындаймын деп сәтсіздікке ұшырайды, артынша бүкіл отбасынан адасып қалады. Десе де тағдырдың оған дайындаған бір сыйлығы бар еді. Өткеннің бәріне налып, еңсесі түскен егеуқұйрыққа Огюст Гюстоның рухы келіп жігер береді, жол көрсетеді. Шабыттанған Реми кезінде сүйікті аспазы істеп кеткен мейрамханаға келеді. Осы жерде ол жас жігіт Альфредо Лингвиниді кезіктіріп, екеуі өмірлерін қайта бастауға мүмкіндік алады.