Пусан кинофестивалін қазақстандық картина ашты

Қазақстан және Жапония мемлекеттері бірлесе түсірілген "Барымташы. Уақыт ағыны" (Конокрады. Дороги времен) атты фильм Оңтүстк Кореяда үлкен экраннан көрсетілетін болады. Ерлан Нұрмұхамбетов пен жапониялық режиссер Лиса Такебаның картинасы Пусан халықаралық кинофестивалінің (BIFF) ашылуында көрсетіледі. Биыл 24-рет (кәріс санау жүйесі бойынша) өткізіліп отырған фестиваль жөнінде не білесіз?

Пусан халықаралық кинофестивалі – 1996 жылдан бері жыл сайын Оңтүстік Корея қаласы Пусанда өтетін Азиядағы ең ірі фестиваль. Фестиваль мақсаты бастапқыда жаңа фильмдер мен жас режиссерлердің жұмыстарына бағалау болатын. Кейін фестиваль әлемдік деңгейге көтеріліп, барлық режиссерлер фильмін қабылдай бастады. Биылғы фестивальға 85 елден 299 фильм ұсынылған. Олардың арасында 145 фильмнің әлемдік және халықаралық тұсаукесері өтеді. 

Кәріс киносына биыл 100 жыл толады. Соны атап өту үшін, фестивальда маңызды әрі тарихи 10 классикалық картина көрсетілетін болады. Оның үстіне фильмдер дәстүрлі форумда талқыланатыны белгілі болды.

Одан бөлек, Азиядағы әйел кинематографистерге баса назар аударады. "Көзқарас пен естелік — Азияның белді әйел кинематографистер" деп аталатын бөлім бойынша Үндстандық Дипа Мехта, Малайзиядан Ясмин Ахмад және Вьетнамнан Трин Т. Минь-ханың жұмыстары көрсетіледі. 

Фестифальға тек көркем фильмдер қатысып қана қоймай, қысқыметражды фильмдер де өз бақтарын сынайды. Одан бөлек, әділ-қазы алғасы фильмнің техникалық жағдайына мән береді. Фестиваль үшін үш жылдам астам уақыт бойын Пусан кинотеатры салынған болатын. Бұл – үлкен ғимарат қана емес, барлық кинотеатр бір шатыр астына жиналған шағын қалашық. 

Жеңімпаздар ақшалай сыймен марапатталады. Бір қызығы, Пусан кинофестиваліне әлемнің түкпір-түкпірінен кез келген адам қатыса алады. 

Пусан кинофестивалінің ерекшелігі тек фильмдер санының көптігінде емес, оларға тағайындалатын номинациялардың да қызықты болуында. Бірақ, көрермендер кинофестивальді ашатын және жабатын фильмдерді асыға күтеді.
Фестиваль жиырма жылдан астам уақыт бойына өткізіліп келеді. Кинофестивальді ашқан және жапқан фильмдер тізімі де жеткілікті. Бүгін біз фестиваль тарихындағыы үздік фильмдер топтамасын ұсынамыз:

•"Сезімге толы көңіл-күй" / "Любовное настроение"
2000, Вонг Карвай
Артхаус, мелодрама

• "Жағажай күзеті" / "Береговая охрана"
2002, Ким Ки Дук
Драма

• "Қуыршақтар" / "Куклы"
2000, Такеши Китано
Драма

•"Евангелион 1.11: Сен жалғыз емессің" / "Евангелион 1.11: Ты (не) один"
2007, Хидэаки Анно
Аниме желісі бойынша түсрілген толықметражды мультфильм

•"Сталинге хат" / "Подарок Сталину"
2008, Рустем Әбдірашев
Тарихи драма 

Биыл фестивальды ашу бақыты Қазақстан мен Жапония бірлесе отырып түсірген "Барымташы. Уақыт ағыны" фильміне бұйырды. Түсірілім жұмыстарына Такеши Китано фильмдерінің продюсері Сёдзо Ичияма қатысқан. Режиссер фильм шынайы оқиға желісі бойынша түсірілгенін айтады. Оқиға жайлауда өмір сүріп жатқан отбасының төңірегінде болады. Барымташылар отағасын өлтіріп, үйір жылқыны айдап кетеді. Әкесінің өлімі кішкентай Олжастың тағдырына әсер етеді.

Басты рөлдерде "Алтын пальма бұтағының" иегері Самал Еслямова, белгілі қазақ актері Дулыға Ақмолда мен жапон актері Мирай Морияма ойнайды. Ал, Олжас рөлін жас актер Мади Минайдаров сомдайды. 

Ал, Пусан кинофестивалін жабатын фильм ретінде Лим Дэ Хюнгтің "Айлы қыс" (Moonlit Winter) таңдалды. Режиссер жас болғанына қарамастан, өзінің еңбектерімен көзге түсіп үлгерген. Бұл жолы Лим Дэ Хюнг фильмінде мұңды оқиғаны қозғайды.

 
Пусан Халықаралық кинофестивалінен қандай жаңалықтар күтесіз?