- Негізгі бет
- Кино
- Психотерапия туралы 3...
Психотерапия туралы 3 фильм
Психологияның қазіргі заманда алар орны ерекше. Ол туралы әркім өз білгенінше ой қалыптастырып, оның даму барысын зерделеп жүреді.
Біз сізге ұсынып отырған фильмдер де осы тақырыпты қозғайды. Фильм кейіпкерлерінің психологиялық өзгерістері мен оларды қайта қалпына келтіру жолында жасалатын психотерапиялық зерттеу жұмыстары көрерменді елітеді.
Ақылды Уилл Хантинг / Good Will Hunting (1997)
Массачусетс Технологиялық институтында тазалаушы қызметін атқарып жүрген Уилл Хантинг (Мэтт Дэймон) есімді жігіт аса күрделі математикалық есепті шығарып профессор Джеральд Ламбоның көзіне түседі.Заң бұзушылыққа барған Уилл полициядан құтылу мақсатында профессордың өзімен жұмыс жасау туралы ұсынысын қабыл алады. Ол ұсыныс бойынша Уилл математика ғылымына ден қоюға және психологтарға барып тұруға тиіс болатын. Жас жігіттің қарқынына шыдамай, психолог мамандар бірінен соң бірі ауыса береді. Оған көмектесуге тек бір ғана психологтың қауқары жетеді...
Қауіпті әдіс / A Dangerous Method (2011)
Дэвид Кроненбергтің фильмі аса қызықты және өте сирек талқыланатын тақырыпта түсірілген. Бұл фильм желісіне белгілі тұлғалар Зигмунд Фрейд пен Карл Юнгтың өзара қатынасы негіз болған. Аталмыш туындыда психолог мамандарға науқас ретінде келген Сабина Шпильрейннің олармен бір деңгейдегі психологқа айналу жолы әңгімеленеді.
Зерделе/ Analyze This (1999)
Криминалды комедия Нью Йорк қаласының Пол Витти есімді беделді мафиози өкілі туралы. Пол есінен адасудың аз-ақ алдында. Гангстерлер не болғанын түсінер емес. Оған Бен Соболь есімді психо сарапшы көмекке келеді...
А. Оралқызы