"Prada" киген жын

"Prada" киген жын
Фото: journalisti.ru

Колледжде үздік оқыған әрі студенттер газетінің бас редакторы қызметін атқарған Андреаның түйіндемесі Нью-Йорктң басты сән журналы «Ranway» басылымын қызықтырмай қоймайды. Бірақ, оның бас редакторы Миранда Пристли Андреа ойлағандай адам болмай шығады. Ол неше түрлі сынақ өткізіп, оның киімі, жүріс-тұрысы мен өзін-өзі ұстауына сын айта бастайды. Басында көңілі қалғанымен, мұнымен өмір аяқталмайтынын, оған өзігің күштілігін дәлелдеу әлдеқайда маңызды екенін ұққан басты кейіпкеріміз оған қарсы күрес жүргізеді.

Андреа ешкімнің қолы жетпеген Миранданы қалай мойындатты?  Оның «сұрықсыз» келбеті, заман талабына сай келмейтін бейнесі Миранданы не үшін қызықтырды? Бастысы, оның бойында жасандылықтан гөрі, өзінің жеке тұлға ретінде алыптасқан қасиеттері басым болатын. Ол ойын еркін жеткізетін.

Сән журналында қызмет ету оның көптеген нәрседен бас тартуына алып келеді: достары, сүйгені.

Ауыр жолды өткеріп, Миранданың сенімі мен сыйластығына ие болған Андреа жылтыр әлем мен әлем қызығатын сән саласы өзінікі еместігін ұғады. Мансап олын енді бастап келе жатқан жас журналист осылайша сән әлемімен қош айтысады.

Миранда фильмнің соңында басқа қырынан көрінеді: Энди айтқан шынайы сөздерден соң «жынның» да адамға тән сезімі бар екенін ұғуға болады.

«Сіз баға жетпейтін жұмысшының орнына келдіңіз. Сіз соны үсінесіз деп үміттенемін». Фильмде Андреаның төккен тері мен еңбегін дәлелдейтін ең маңызды тіркес.

Фильм тек журналистер мен журнал әлемі ғана емес, адами болмыс пен сезімдер туралы. Көруге кеңес береміз!

 

 

Т. Есқали