Польшада 14 қарашадан бері қазақстандық кино күндері өтіп жатыр. Шара 19 желтоқсанға дейін жалғасады.
Польшалықтардың назарына "Қызғылт қоян туралы әңгіме", "Мұстафа Шоқай", "Ликвидатор", "Балалық шағымның аспаны", "Сталинге сыйлық", "Жерұйық" фильмдері ұсынылуда.
Көрсетілімдер Польшаның 4 қаласында өтеді: Варшава (14-16 қараша), Познань (20-22 қараша), Краков (7-13 желтоқсан) және Лодзь (17-19 желтоқсан).
Жобаның басты мақсаты Польша мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытып, жалғастыру. Польшалықтарға Қазақстан халқының мәдениетін, дәстүрін, тарихын көрсету. Шараның ұйымдастырушылары "БАРС" Қазақстан жастарының ұйымы.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: Массагет.кз мұрағатынан