Желтоқсанның 15-і күні Қазақстанда «Перизаттар: Құбыжық туралы аңыз» фильмінің көрсетілімі басталады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Меломан Марвин компаниясы мен Чаплин кинотеатры бірігіп, мүгедек балаларға арналған қайырымдылық көрсетілімін ұйымдастырады.
Көрсетілімде «Бургер Кинг» компаниясы балаларды кешкі аспен тамақтандырады. Мұндай шараны Меломан Марвин компаниясы былтыр «Салқын жүрек» фильмінің көрсетілімінде өткізген еді.
Бұл фильм – анимациялық ертегі. Онда Фауна атты талантты, жылы жүзді перизаттың Нетландия елінің Құбыжығымен достығы баяндалады. Осы уақытта басқа перизаттар тобы құбыжықтан сақтанып, оны қамамақшы болып, іздеуді бастайды. Оны құтқару үшін Фауна өзгелерді құбыжықтың ақкөңіл, мейірімді екеніне сендіруге тырысады.
Бұл мультфильмге отбасыңызбен, балаларыңызбен барсаңыз, жайдары көңіл-күймен қайтатыныңызда күмән жоқ.
Сурет: planeta-kino.com.ua