- Негізгі бет
- Кино
- Пекинде тұңғыш рет...
Пекинде тұңғыш рет «Алшы» атты қазақ кино студиясы ашылды
Қазақтың кино өнерін өркендету мақсатында белгілі жас режисер Қайсар Қабдолдаұлы Қытай Астанасында тұңғыш рет «Алшы» атты қазақ кино студиясын ашты. 2013 жылы Наурызда құрылған бұл шағын кино студияның мақсаты - қазақ киносының шет елдерге танылуына үлес қосу. Бұл игі істің қолдаушысы болған студия директоры Қ.Қабдолдаұлының айтуынша, «Алшы» деген атты Қазақ киносының келешегі жарқын, әрдайым асығы алшысынан түссін деген ниетпен қойған екен.
Қайсар Қабдолдаұлы
Кино саласында қызмет атқарғанына төрт-ақ жыл болған азаматтың қазақ тілінде түсірілген «Сауға» атты фильмі Пекинде өткен республикалық студенттер кино фестивалінде бас жүлдені жеңіп алған болатын. Қ.Қабдолдаұлы жекелік жарнама жұмыстарынан бөлек, Қытайдағы көптеген сериалдар мен киноларда атқарушы режисер міндетін атқарған.
"Басты мақсат - ақша табу емес, қайта қазақ киносының мәртебесін көтерумен бірге, қазақтың жоғын жоқтау" дейді жас режисер. Ал киностудияның алдағы міндеті - Қытайдың үзік техникасын пайдаланып, әйгілі режисерлермен бірлесе отырып, қазақ фильмдерін әлемдік бағдарламаға негіздеп, жаңа бағытта көрсету, қазақ мәдениетін насихаттау, балаларға арналған мультфильмдерді түсіру.
Студия қызметкерлері кеңесуде
«Алшы» киностудиясында бүгінде бірқатар қытайлық мамандар бас қосуда. Тәжірибелі топ жиналып, қазақтың құндылығын дәріптейтін ұлттық үрдістегі жаңа туындыларды талқылауда. Әзірге қазақ киностудияның қоржынында бірнеше жарнамалық жоба және шағын фильмдер бар. Болашақта көлемді көркем жобалар мен Қытайда қазақ киносының апталығын өткізіп, қытай тілінде қазақ фильмдерін түсірмек.
Арнайы «Массагет» үшін: Бұлбұл Қабдолдақызы
Сурет: Жеке мұрағаттан
Қ. Қауымбек