Кеше Kinopark (Esentai Mall) кинотеатрында Алтыншы бекет көркем фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Көрсетілімге белгілі тұлғалар мен актерлер, БАҚ өкілдері қатысты. ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Мұхаметқали Сатов, Аю синема кинокомпаниясының, Алтыншы бекет фильмінің бас продюсері Данияр Ибрагимов, Алтыншы бекет фильмінің қоюшы-режиссері Серікбол Өтепбергенов, Алтыншы бекет фильмінің басты рөлінде ойнаған актер Санұржан Сүлейменов, Алтыншы бекет фильмінің бас кейіпкері, актёр Жасұлан Өмірбек, Алтыншы бекет фильмінің жағымсыз бас кейіпкері, актёр Серік Салқынбаев, 2010 жылғы оқиғаның нақты кейіпкері аға лейтенант Ербол Отарбаев көрсетілім соңында конференцияда сөз алып, сұрақтарға жауап берді. Алтыншы бекет драмасы бұл Қазақстанда болған, 2010 жылғы Ақтау қаласындағы нақты оқиғаға негізделген, нағыз батырлардың тарихы.Фильмге арқау болған 19 жастағы Ербол Отарбаевтың қайсарлығы еді. 2010 жылы Ақтау қаласындағы қатаң тәртіптегі колониядан 60-тан астам тұтқындар қашқанда Ербол алтыншы бекетте қарауыл қызметінде тұрған. Ол жалғыз өзі 40 адамды тоқтатып, қарулы қылмыскерлерге қарсы тұрды. Ерболдың оғы таусылғаннан кейін қалғандары қашып құтылды. Қатардағы жауынгер ауыр жаралы болды, оған ота жасалып, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жауынгерлік қызмет атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы үшін ІІІ дәрежелі Айбын орденімен марапатталды. Түсірілім кезінде Ербол Отарбаевтың өзі фильм түсірушілерге көмек көрсеткен. Бас кейіпкер, актер Санұржан Сүлейменовтің образға кіруіне көмек көрсетіп, кеңес беріп, онымен бірге тұрған. Фильм жайында Бас кейіпкерлер Ерлан мен Дәуреннің басына түскен қайғысы бұрынғы достықты бұзып қана қоймай, оларды темір тордың екі жағына бөліп тастады. Бұрынғы достар арасында, қазіргі сарбаз бен тұтқын арасындағы шиеленіс негізінде оқиға өрбіп, оларды қиын таңдау жасауға күштейді. Бұл таңдау еліміздің тарихын және нағыз батырға деген көзқарасты өзгертеді. Фильм қазақстандық Аю синема кинокомпаниясы мен ҚР Ұлттық ұланның қолдау көрсетуімен және Хабар агенттігі АҚ серіктестігі негізінде түсірілді. Шығармашылық қорында көптеген жеке телевизиялық жобасы бар белгілі кинематографист Данияр Ибрагимов кинокартина продюсері болып бекітілген. Алтыншы бекет Данияр Ибрагимовтің Аю синема кинокомпаниясында фильм түсіруіндегі тұсаукесері болды. Жобаның режиссері ретінде Серікбол Өтепбергенов шақырылған, ол фильмде негізгі рөлдердің бірін сомдады (Серікболдың фильмографиясында тек режиссерлік жұмыстар ғана емес, актерлік жұмыстары да бар). Алтыншы бекет Cерікбол Өтепбергенов үшін режиссер ретінде түсірген алғашқы ірі жұмыстарының бірі болды. Брат или брак кинокартинасындағы жұмысы бойынша танымал Шерхан Таңсықбаев қоюшы-оператор болды. Басты рөлді, болған оқиға кезінде Ербол Отарбаев қанша жаста болса, түсірілім кезінде сондай жастағы жас актер Санұржан Сүлейменов орындады. Санұржанның рөлі диалогтен гөріэмоцияға толы болды. Сонымен қатар басты рөлді Жасұлан Өмірбек орындады, қорқыныш, күнә, абырой мен адамгершілік бірге шиеленісіп жатқан драмалық образды өте талантты орындаған актер. Фильмде жағымсыз бас кейіпкерді актер Серік Салқынбаев сомдады. Оның рөлі Астана қаласындағы жабық көрсетілімде көрермендердің жақсы пікіріне ие боп, ең жарқын рөлдердің біріне айналды. Белгілі қазақстандық актер Ғани Құлжанов Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының рөлін ойнады. Актер Саят Исембаев Алтыншы бекет драмасында Ұлттық ұлан арнайы бөлініс қызметкерлерінің ерекше белгісі Күрең беретін киді. Шал фильміндегі рөлі бойынша кең танылған Ерболат Тоғызақов тұтқындалушының рөлін сомдады. Екі әйелдің рөлін актриса Гүлнар Байбосынова мен Индира Күлчанова орындады. Сонымен бірге актерлік құрамның 80% нағыз әскери қызметшілер, Ұлттық ұлан әскерінде қызмет ететін жауынгерлер.