«Qazsport» телеарнасының «Кішкентай су перісінің тарихы» («История маленькой русалки») атты деректі фильмі Ресейде өткен «Атлант» XIII халықаралық спорттық фильмдер фестивалінде үздік атанды.
Фильм бас кейіпкердің яғни, паралимпиада ойындарының чемпионы Зульфия Габидуллинаның өмірге және спортқа деген құштарлығын, соның арқасында көптеген қиындықтарға төтеп беріп, қарсыластарын артта қалдырып, жаңа жеңістерге жетуі жайлы суреттейді.
Аталған жоба 60-тан астам деректі фильмдер арасынан үздік атанып бірінші орынға ие болды. Марапаттау рәсімі 6 ақпан күні Мәскеуде әлемдік спорттың көрнекті қайраткерлерінің, журналистер мен сарапшылардың қатысуымен өтті. Сондай-ақ, маратпаттау барысында кинотеатрда үздік атанған деректі фильмнің ашық көрсетілімі болды.
Айта кетейік, сценарийдің авторы «Qazsport» телеарнасының редакторы Аян Кушбаев. Қоюшы-режиссер: Серік Емберген. Операторлар: Саясат Дүйсембиев және Қошқарбай Қалиев.
Айбар Рысдәулет