Қазақстандық режиссер Жәнібек Жанғараев "Өйткені, ол – шымкенттік" ("Потому что Шымкентский") фильмі прокатта 90 миллион теңге (484 мың доллар) жинады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Картинаның бюджетін авторлар құпия ұстауды жөн көрді, бірақ Жанғараевтың айтуынша, лентаға кеткен қаржы өзін-өзі ақтады. Еске салайық, Шымкентте туған жігіт туралы фильм прокатқа 19 наурызда шықты.
Сюжет бойынша, Әлім есімді дарынды жас сәулетші Шымкенттен Алматыға келіп, Алматының қызы Айәсемге ғашық болады. Қыз да жігіттің ұсынысын қабылдайды, бірақ оның ата-анасы Шымкенттен шыққан жігітке өз қызын бергісі келмейді. Әлім Шымкентте туылғанын сүйіктісінен де, оның ата-анасынан да жасырады. Кейіпкер өтірік айтқан сайын, оның жағдайы күрделене береді.
Айта кетейік, Жәнібек Жанғараев Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Сұхбатында ол фильмнің ешкімнің көңіліне тимейтінін және өнеге аларлық мәні бар екенін айтқан еді. Фильмде басты рольдерді жас актерлер Шапағат Орынбаев пен Айәсем Масақбаевалар ойнайды.
Десе де, таяуда Kino.kz сайтының әкімшілеріне "Өйткені, ол – шымкенттік" фильміне қатысты қолданушылар қалдырған жағымсыз пікірлерге бола қоқан-лоқы көрсетілгені жайлы хабар тарады.
сурет: tengrinews.kz