Кино көру көбіңіздің сүйікті ісіңіз шығар. Расында да тамаша туындылар тек шаршағаныңызды басып қоймай, ерекше ой қалдырады. Бүгін біз сіздің назарларыңызға отбасы туралы ең таңдаулы 10 фильмді ұсынамыз.
Тәтті қараша (Sweet November).
Бұл фильм ешқандай арнайы эффектісіз түсірілген қарапайым фильм. Бірақ өте керемет. Басты қаһармандардың бойындағы жылулық пен сұлулық сондай жарасымды. Сараның сыңғырлаған күлкісі көрермендерді еріксіз баурап алады.
P.S. Мен сені сүйем (P.S. I Love You).
Бұл фильмді басым көпшілігіңіз көрген шығарсыз. Естен кетпес махаббат хикаясы елең еткізбей қоймайды. Бірде күлдіріп, бірде жылататын және бір уақытта жылатып күлдіретін азғантай фильмдердің біреуі – осы.
Есте сақтау күнделігі (The Notebook).
Бұл фильмді қайталап көргіңіз келе береді. Фильмде екі адамның махаббаты туралы айтылады. Олар бірге болу үшін барлық кедергіден өтті. Олар сүйді, олар күтті...
Қарапайым қиындықтар (It’s Complicated).
Фильмде бір әйелдің басынан өткен тарихы баяндалады. Ол екі жігіттің ортасында қалып, таңдауын жасай алмай, сергелдеңге түседі. Джейн есімді ару мейрамханада жұмыс істеп, көптің көзайымына айналады. Алайда ақыр соңында өзінің жүрегінің жартысын табады.
Шынайы өтірік (True Lies).
Фильмде Арнольд Шварценеггер құпия агенттің рөлін сомдайды. Тіпті оның туған әйелі де оны қарапайым компьютер сатушы деп ойлайды. Бірақ барлық құпия айқындалып, қызықтың көкесі басталады...
Отағасы (The Family Man).
Фильм Джек есімді делдал жігіт туралы. Ол пентхауста тұрып, фераримен жүріп, қымбат киім кигенді жақсы көреді. Бір сөзбен айтқанда, не ішем, не жеймін демейді, керек заттың бәрі бар. Бірақ ол автокөлік жөндейтін жерде қарапайым жұмысшы атанып, әйел алып, екі баланың әкесі болуға мәжбүр болады.
Ұятсыз ұсыныс (Indecent Proposal).
Бұл фильмде сезім азабы суреттеледі. Бір-бірін шын сүйетін жандардың тағдыр тәлкегі туралы фильм. Тамаша туындыны қарауға кеңес береміз.
Баланы жалға алыңыз (Rent-a-Kid).
Табысты кәсіпорын иесі балалар үйінің уақытша директоры болып, өз ойындағы жоспарларын жүзеге асыруды көздейді. Ол жаңадан құрылған отбасыларға бала асырап алуды ұсынады. Оның қолына ең бірінші ағайынды екі бала мен қарындасы түседі. Фильм сол туралы.
Махаббат пен кептерлер (Любовь и голуби).
Бұл фиьмде де өмірдің ақ пен қарасындай бірде қуаныш, бірде қайғы орын алады. Ішегін қатып күліп отырсаңыз, 5 минуттан соң еңіреп жылап отырасыз.
Нью-Йорктағы күз (Autumn in New York).
Әдемі әрі таза махаббаттың тарихы. Жас айырмашылығы біраз болса да, бір-біріне деген сезімдері өшпейді. "Махаббат жасқа қарамайды" деген сөздің дәлелі – осы фильм.
"Отбасынан басталған әділеттілік отау құрғанда да қалады", - дейді дана халқымыз. Бұл фильмдерді көрер болсаңыз, керемет ой түйіп, ұмытылмас әсер алатыныңыз сөзсіз.
Сурет: www.fanpop.com, kinomania.ru, www.fanpop.com, pinterest.com, fanart.tv, post4life.gr, titlovani-filmovi.com, kino-tops.livejournal.com, torrentbutler.eu, tvkinoradio.ru, torrentbutler.eu
"Бүкіл әлем аяғымыздың астында" атты қазақстандық фильм прокатқа шығады
Суперқаһармандар туралы ең үздік фильмдер анықталды
12 жыл бойы көрсетіліп келе жатқан телехикая өз мәресіне жетпек