- Негізгі бет
- Кино
- "Отбасы не байлық"....
"Отбасы не байлық". Сіз нені таңдайсыз?
Күні кеше Әсел Садуақасова продюсерлік еткен кезекті "Отағасы. Өзіңмен бол" ("Семьяниң. Оставайся собой") атты фильмі жарыққа шықты. Massaget.kz тілшісі алдына ала көрсетілімге қатысып, фильмге бағасын беріп қайтты.
Қарапайым такси жүргізуші Мұхтардың өмірі қиындыққа толы. Орта жасқа келгенімен өзін әлі "аяққа тұрып" кетпедім деп санайды. Жұбайы Гүлназ да қолдау көрсетпейді деп ойлайды. Оның үстіне қызы Әлияның тұрмысқа шығатыны Мұхтарға ауыр тиді.
"Семьяниң" немесе отағасын не мазалайды?
Оның ойынша, ерте отбасы құрғанның кесірінен әлі күнге жағдайы жақсармай келеді. Бір күні тағдыр оған тосынсый жасайды. Ұйқыдан тұрған Мұхтар бір сәтте байып кеткенін түсінеді. Өзі армандаған дүниенің бәрі бар. Тек бұл байлық үшін ол отбасын құрбандыққа шалды. Енді шалқып өмір сүремін деген Мұхтар отбасынсыз ештеңенің құны жоқ екенін түсінеді. Енді қайтпек?
Отағасы рөлін - танымал әртіс Әбунасыр Серіков ойнады.
Ал оның жары - Әсел Садуақасова. Фильмде басты рөлдің бірін сомдады, әрі бас продюсері.
Танымал режиссер Ақан Сатаевтың қызы Марйам да басты рөлде сомдауға шақыртылған.
Актерлік шеберлігімен ел арасында танылған Фархад Кулбаев үшін бұл фильм режиссер ретіндегі алғашқы туындысы.
Фильмді көрермендер жылы қабылдады. Шынайы өмірге негізделген, қандай қиындық болмасын шыдауға болатынын бейнелеген туынды сіздің де көңілден шығатынына сенімдіміз.
11 сәуірден бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан тамашалаңыз!
А. Рысдәулет