Оскар сыйлығын жете бақылайтындар аз болғанымен, өздеріне қатты ұнаған фильмнің не болмаса сүйікті актерлерінің кинематография өнері мен ғылым академиясының сыйлығына номинацияланғанын есіту қатты қуантатыны сөзсіз. Бүгін біз марапаттау салтанатымен байланысты қызықты деректер жайлы сөз қозғамақпыз.
Сонымен, назарларыңызда Оскармен байланысты ең қызық 10 дерек:
10. Өлімнен соң берілген Оскарлар
Оскар тарихында тек екі актер көз жұмғаннан соң Оскар иегері атанды: 2008 жылы Хит Леджер мен 1976 жылы Питер Финч. Финч 14 қаңтар күні ұстамалы жүрек ауруының салдарынан көз жұмған болатын. Ал «Телесеть» фильмі бойынша Ең үздік еркек рөлі үшін берілген Оскарды оның жары қабыл алды. Өз кезегінде, Хит Леждер 2008 жылдың 22 қаңтар күні бірнеше дәрі-дәрмекті бірден қабылдау салдарынан туған асқынудан көз жұмды. «Екінші пландағы ең үздік еркек рөлі» ("Темный рыцарь" фильміндегі Джокер рөлі) үшін берілген Оскарды актердің әке-шешесі мен әпкесі қабылдады. Бір сәйкестікті айта кетсек, көз жұмған екі актер де аустралиялықтар.
9. Уолт Дисней
Уолт Дисней тарихта ең көп Оскар алған адам болып есептеледі, бірақ оның еншісінде басқа да рекордтар бар. Ең көп сыйлық иегерінен бөлек Дисней сонымен қатар, номинация саны мен номинациядағы жеңілістер саны бойынша да рекордшы. Уолт Диснейдің еншісінде 22 Оскар сыйлығы мен кинематограф саласына сіңірген еңбегі үшін берілген 3 сыйлық бар. 1942-1963 жылдар аралығында Дисней жыл сайын кем дегенде бір Оскар сыйлығына номинацияланып отырған.
8. Сәтсіздікке ұшырағандар
Уолт Дисней жеңілістер саны бойынша да рекордшы саналғанымен, 25 рет Оскар сыйлығын жеңе алды. Бірақ бірнеше рет номинацияланып, бірде-бір Оскар ала алмаған актерлер де бар. Дебора Керр, Телма Риттер, және Гленн Клоуздар алты реттен номинацияланып, бір Оскар да жеңе алмаған. Композитор Джон Уильямс ("Звездный войны", "Гарри Поттер") 5 рет жеңіске жеткен, бірақ 35 рет жеңіліс тапқан екен.
7. Джона Казаленің (John Cazale) талғампаздығы
Көбісі Джон Казаленің кім екенін білмейді, бірақ оның себебі де бар: ол бар болғаны 5 фильмге түскен. Алайда ол қатысқан барлық фильм Оскар сыйлығына «Үздік фильм» ретінде номинацияланған. Казале мынадай фильмдерге түскен: "Крёстный Отец" (бірінші және екінші бөлімдер), "Собачий Полдень", "Разговор и Охотник на оленей". Алғашқы үш фильм аталған номинация бойынша жеңіске жеткен.
6. 2 актер, 2 Оскар, 1 кейіпкер
"Крестный отец" және "Крестный отец 2" тек үздік фильм ретінде танылып қана қоймай, Вито Карлеоне кейіпкерін сомдаған екі актерге «Үздік еркек рөлі» номинациясы бойынша бір-бір Оскардан жеңіп алуға себепші болды. Бұл - Оскар тарихында бір кейіпкерді ойнаған екі актердің екеуі де Оскар иемденген жалғыз жағдай. Марлон Брандо – "Крестный отецтің" бірінші бөлімі үшін Оскар алса, Роберт де Ниро екінші бөлімі үшін алған еді.
5. Жалған Оскарлар
Екінші Дүниежүзілік Соғыс кезінде болған металл тапшылығына байланысты үш жыл бойы алтын мүсіншелер орнына пластиктен жасалған Оскар берілген. Алайда жеңімпаздар соғыс аяқталғаннан соң ресми мүсіншелерге ауыстыру мүмкіндігіне ие болды.
4. Седрик Гиббонс (Cedric Gibbons)
Седрик Гиббонс 1000-нан аса фиьлмнің арт-директоры болып қызмет істеген және 39 номинацияның 11-інде ғана Оскар жеңе алған. Бұл әрине, таң қаларлық жәйт, бірақ Уолт Дисней екі есе көп жеңіске жетіп, Гиббонс қанша рет номинацияланса, сонша рет жеңілген болатын. Онда неге Гиббонс осы тізімде Диснейден жоғары тұр дерсіз. Себебі, аталған сыйлық тарихында табысталған 2809 Оскардың бәрі Гиббонспен тікелей байланысты - ол Оскар мүсіншесін (статуэткасын) жасаушы.
3. Он бір Оскар
Тарихта тек үш фильм ғана 11 Оскар иеленген: "Бен-Гур", "Титаник" және "Властелин Колец: Возвращение короля".
2. Сөз
Соңғы жылдары Оскар сыйлығының танымалдылығы кеми түсті, себебі, көптің айтуынша, марапаттау салтанаты тым ұзақ. Осыған байланысты алғыс айту сөздеріне 45 секундтық шектеу қойылған болатын. Ең ұзақ сөздің ұзақтығы 7 минут, оның авторы Грир Гарсон. Өз кезегінде Альфред Хичкок пен Уильям Холден «Рақмет» деген сөзбен ғана шектелген.
1. Оскар — бұл қоқыс
Оскар сыйлығы кейбір адамдар арасында мүлдем танымалдылыққа ие емес – кейбірінің ойынша, ол эксклюзивті клуб мүшелерінің кезекті рет бірін-бірі марапаттаулары ғана. Кем дегенде бір адам дәл осылай ойлайды екен. 2000 жылы Лос-Анджелесте 55 Оскар мүсіншесі ұрланған болатын. Бірнеше ай өте Уилли Фалгир оның 52-сін қоқыс шелегінен тауып алған. Сол үшін оған 50000 доллар мен 2001 жылдың марапаттау салтанатына қатысу билеті ұсынылды.
Егер Оскар жеңімпаздары өздерінің мүсіншелерін сатқысы келсе, бірінші кезекте Академияға ұсыныс жасаулары қажет. Стивен Спилберг 1938 жылы "ең үздік әйел" рөліне берілген мүсінді 578 мыңға сатып алған және содан соң оны Академия иелігіне берген.
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Сурет: risovach.ru