The New York Times газеті белгілі режиссерлер пікірлеріне сүйене отырып XXI ғасырдың ең үздік фильмдерін анықтады. Сауалнамаға София Коппола, Дени Вильнев, Пол Фейг, Бретт Рэтнер, Антуан Фукуа және документалист Алекс Гибни сынды өз ісінің шеберлері қатысты.
Солардың бірі Оскар марапатында үлкен жетістікке қол жеткізген америкалық кинорежиссер София Копполаның тізімін швециялық «Форс-мажор» картинасы бастады. Сондай-ақ, Коппола ханымның жеке рейтингінен «Жабайылар», «Суперотбасы», «Аквариум», «Үйде әкем бар» және Павел Павликовскийдің «Ида» фильмдері табылды.
Дени Вильнев болса «Мұнай», «Мұнда кәрілерге орын жоқ», «Шынайы махаббат», «Пайғамбар», «Азу», «Бастау» картиналарын ерекше атап өтті.
Рейтингтің толық тізімін мына сілтемеге өтіп көре аласыздар.