Софи Лорен Netflix-тің Холокост туралы "The Life Ahead" ("Өмір жалғасады") фильмінде басты рөлді сомдайды. Deadline, Variety сынды кино саласындағы салмақты басылымдар Софи Лорен Oskar-2021 жүлдесіне ие болады деп бәс тігіп отыр. Егер бәс ақталса, әлемдік кинематография патшайымы Оскар жүлдесінде рекорд орнатады.
2021 жылы Оскар жүлдесінде әйел рөлі аталымына таласатын егде жастағы жұлдыздар көп еді: Мэрил Стрип епн Мишель Пфайффер бар. Енді Софи Лорен бұл тізімді толықтырып тұр әрі тізімнің алдыңғы шебіне шығып отыр. Голливудтың алтын ғасырын қалыптастырған актриса бұған дейін 1962 жылы "Екі әйел" (La ciociara) фильміндегі образы үшін Оскар жүлдесіне ие болған еді. Кейін 3 жылдан кейін "Италиялық неке" картинадағы шеберлігі үшін тағы да жүлдегер атанды. Осы жолы бағы жанса, араға бірнеше жыл салып тағы да жүлдеге ие болған әртіс ретінде рекорд орнатады. Әзірге бұл рекорд Генри Фордтың еншісінде: "The Grapes of Wrath" (1941) картинасынан кейін араға 41 жыл салып "On Golden Pond" фильмі үшін Оскар жүлдесіне ие болған.
Сонымен қатар, Лорен "Үздік әйел рөлі" тізіміне енген жасы үлкен актриса болмақ. Ерлер арасында Энтони Хопкинс "The Father" картинасындағы рөлі үшін жүлдеге ие болу мүмкін. Оның жасы – 83-те.