Лос-Анджелес қаласында наурыздың 2-нен 3-не қараған түні Dolby театрында Америка киноакадемиясының дәстүрлі «Оскар» салтанатты марапаттау кеші өтті. 86-рет өткізіліп жатқан кеш Альфонсо Куаронның «Гравитация» фильмі үшін табысты болды. Фильм «Үздік режиссер», «Үздік арнайы эффектілер», «Үздік дыбыс», «Үздік дыбыс монтажы», «Үздік операторлық жұмыс», «Үздік саундтрек» номинацияларында жеңімпаз атанып, қанжығасы майланып қайтты. Кешті атақты Эллен ДеДженерес жүргізді.
Былтыр «Алтын глобусты» иеленген «12 жыл құлдық» картинасы үздік фильм деп табылды. Ал, Мэттью Макконахи «Даллас сатып алушылар клубы» фильміндегі рөлі үшін үздік актер атанды. Осымен төртінші рет номинацияға түскен Леонардо Ди Каприо тағы жүлдесіз қалды. Үздік актриса мәртебесіне «Жасмин» фильміндегі рөлі үшін Кейт Бланшетт ие болды. Актриса сахнадан фильм режиссері Вуди Алленге алғысын айтты, сонымен қатар осы номинация бойынша сарапқа түскен Эми Адамстың «Америкалық сергелдеңдегі» рөлін ерекше екенін атап өтті.
Бір қызығы, «Құлдықтағы 12 жыл» фильмі үшін «Екінші пландағы үздік актриса» атанған Лупита Нионго Стив Маккуиннің фильмінде дебют жасаған. Бұған дейін ол продюсердің көмекшісі қызметін атқарып келген.
Үздік режиссер болып «Гравитация» фильмінің режиссері Альфонсо Куарон белгіленді. Ал үздік сценарий «Оскарын» «Оныкі» фильмінің сценаристі Спайк Джонс иеленді.
Альфонсо Куарон
Сонымен, қорытынды былай болды:
Үздік фильм: «Құлдықтағы 12 жыл» (реж. Стив Маккуин);
Үздік сценарий: Спайк Джонс - «Оныкі»;
Үздік актер: Мэттью Макконахи – «Даллас сатып алушылар клубы»;
Үздік актриса: Кейт Бланшетт - «Жасмин»;
Үздік бейімделген сценарий: Джон Ридли – «Құлдықтағы 12 жыл»;
Үздік саундтрек: Кристен Андерсон-Лопес және Роберт Лопез «Let it go» - «Суық»;
Үздік операторлық жұмыс: Эммануэль Любецки - «Гравитация»;
Үздік монтаж: Альфонсо Куарон және Марк Сэнгер - «Гравитация»;
Үздік екінші пландағы актриса: Лупита Нионго – «Құлдықтағы 12 жыл»;
Үздік екінші пландағы актер: Джаред Лето – «Даллас сатып алушылар клубы»;
Үздік дыбыс: «Гравитация»;
Үздік дыбыстық монтаж: «Гравитация»;
Шет тіліндегі үздік фильм: «Ұлы сұлулық» (реж. Паоло Соррентино);
Үздік толықметражды көркем фильм: «Жұлдыз болуға апарар жиырма фунт»;
Үздік қысқаметражды фильм: Андерс Вальтер және Ким Магнуссон - «Гелий»;
Үздік қысқаметражды деректі фильм: «6-нөмірдегі ханым»;
Үздік арнайы эффектілер: «Гравитация»;
Үздік қысқаметражды анимациялық фильм: Лоренц Уитц және Александр Эспигарес - «Иллюминатор мырза»;
Үздік анимациялық фильм: «Суық»;
Үздік костюм дизайны: Кэтрин Мартин - «Ұлы Гэтсби»;
Үздік гримм: Адруита Ли – «Даллас сатып алушылар клубы»;
Сурет: topnews.ru, itar-tass.com
Дайындаған: Анар Мұстафина