Sony компаниясы "Человек-паук: Через вселенные 2" жаңа фильміндегі зұлым адам The Spot ("Дақ") есімді кейіпкер болатынын айтты, - деп хабарлайды "Массагет" тілшісі Screen Rant басылымына сілтеме жасап.
Портал мәліметінше, "Скотт Пилигрим" жұлдызы Джейсон Шварцман 2023 жылдың 2 маусымында кинотеатрларда шығатын фильмде жаңа зұлымды дыбыстайды.
Фильмнің режиссерлері Джоаким Дос Сантос, Кемп Пауэрс және Джастин Томпсон болады. Картинаның продюсерлері - Фил Лорд, Крис Миллер, Эми Паскаль, Ави Арад және Кристина Стейнберг. Фильмнің сценарийшілері Лорд пен Миллер, сондай-ақ Дэвид Каллахэм болды.
Фильмнің сюжеті бойынша, Майлз Моралес пен Гвен Стейси Дақпен күреседі - оның денесі кейіпкерді кез келген жерге жібере алатын портал іспеттес. Дақтың шын аты - Джонатан Онн, ол сәтсіз эксперименттен кейін супер күшке ие болған ғалым.