- Негізгі бет
- Кино
- Өрмекші адам Америка...
Өрмекші адам Америка Капитанымен шайқасады
"Тони, мұның соңы соғыспен бітпеуі тиіс". Бұл Америка Капитанының Темір Адамға айтқан ақылы еді. Бірақ, Капитанның дегені болмайды. Жер ғаламшарын қорғаушы атанған қаһармандар арасында үлкен шайқас басталады. "Marvel" сүйікті көрермендері үшін бұл үлкен жаңалық болып отыр. "Азамат соғысы" деп аталатын бұл фильмге өзге де марвельдік кейіпкерлер қатысады.
"Америка Капитаны: Азамат соғысы" фильмінің трейлері ғаламторда 16 сағат бұрын жарық көрді. Трейлерден қандай кейіпкерлер бой көрсететінін білуге болады. Тони Старк немесе Темір Адам (Кіші Роберт Дауни) мен Америка Капитаны (Крис Эванс) арасында үлкен дау туады. Бір фильмнен бірден негізгі басты кейіпкерлерді көруге болады, бір қызығы, "Америка Каптианы: өзге шайқас" деп аталатын фильмнің жауыз кейіпкері Бакки бұл бөлімде Капитанның жағында, ал Өрмекші Адам Тони Старктың досы.
Сонымен, Америка Капитанының құрамында:
Ал, Темір адамның жақтастары:
Сіз кімнің жағындасыз?
Фильмнің көрсетілімі Аустралия мен Ұлыбританияда 29 сәуірде, АҚШ-та 6 мамырда басталады. Ал еліміздегі Марвел жанкүйерлері көптен күткен фильмді қай уақытта көретіні әзірге белгісіз.
Г. Берік