Оңтүстік Полюске жасалған алғашқы қазақстандық экспедицияға бір жыл толды.
Novo аэродромымен Антарктида жағалаулары арқылы қозғала отырып, 2400 км антарктидалық ландшафқа шыдаған жеті адамдық экспедиция 2011 жылы 14 желтоқсанда Оңтүстік Полюсті бағындарған еді. Бұл жетістік Гиннестің реодтар кітабына да енді. Экспедиция жетекішісі - ҚазГео-ның президенті Нұрлан Абдуов.
«108 сағат» кинофильмі субтитрмен ағылшын және қазақ тілдерінде жарық көретін болады. Кинотуындының ішінде басқа да қосымша мәліметтер: "Антарктида ғасыры" видеофильмі және экспедиция кезінде түсірілген суреттер бар.
Жаңа кинофильмнің тұсаукесері 12 желтоқсан күні «Меломан GRAND» дүкенінде өтеді. Билет құны - 400 теңге. DVD дисктер ҚазГео жобасының даму қоры арқылы сатылымға шығады.
Оңтүстік Полюсті бағындырған отандастарымыз жайлы фильмді жіберіп алмаңыздар, құрметті алматылықтар!
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: yk-news.kz