Heritage Auctions бәссауда үйінде кинопостер сатылымы бойынша рекорд орнатылды. 1931 жылы шыққан атақты Дракула фильмінің постері $525,8 мыңға өтті. Heritage Auctionsкомпаниясына жарты миллионнан астам пайда әкелген плакаттың жоғары бағалануына оның хоррор жанрының классикасы саналатыны себеп болса керек. Бұрын рекордтық бағаға сатылған екі фильм постері болған. Солардың бірі осы жылдың жаз айларында өткен саудада сатылды. Касабланкакартинасының плакаты $478 мыңға бағаланған. Ал, 2012 жылы дәл осылай жарты миллионға жуық ақшаны америкалық Түн ортасынан кейінгі Лондон фильмінің афишасына төлеген. Сонымен, әзірге ең қымбат кинопостерде Дракулафильмінде басты рөлді сомдаған Бел Лугоши бейнеленген. Афиша 1950-ші жылдардан бастап осы күнге дейін Сан-Диего қаласындағы кино өнері тарихын зерттеуші Джордж Дж. Митчелл есімді азаматтың үйінде сақталып келген.