Өмірдегі ғашықтар өнерде де табысты

Өмірдегі ғашықтар өнерде де табысты

«Легок на помине» деп аталатын бұл фильмде Гарик Харламов өмірдегі жары Кристина Асмуспен бірге ойнайды. Аталған фильмді 2014 жылдың 27 ақпанынан бастап Алматыдағы "Bekmambetov Cinema" кинотеатрынан көре аласыздар. 

Бизнес саласында үлкен табыстарға жетіп жүрген Павел помещик меншігіндегі жерді алдап алмақ болады. Ол жер шалынан айырылған кемпірге тиесілі. Кемпір жас жігітке алданып қалғанын білсе де, оны әшкерелеуге асықпайды.

Алайда қулығын асырған риелтор Пашаның қуанышы көпке созылмайды. Белгісіз тылсым күштердің құрбанына айналып, өзін ойлаған адамның жанынан табылумен күндері өтеді. Бұл тылсым күштен оны тек махаббат құтқара алатын еді. Ол ата-анаға, адалдыққа, адамгершілікке, достарға, сүйген жарға деген махаббат.

Басынан соңына дейін езу жимай күлуге мәжбүрлейтін бұл фильмнің астарында ойлануға тұрарлық дүниелер жатыр. Ақша мен жастықтың соңында жүрген Павел мектепте бірге оқыған достарын, өзіне жақын құрбыларын, тіпті, туған әкесін де ұмытып кеткен еді. Алайда басынан өткен оқиға барлығын бір-ақ сәтте ретке келтіреді.

 

Көрші Ресей елінде түсірілген фильмнің режиссері - Евгений Абызов.

Продюссерлері: Георгий Малков, Сарик Андреасян, Гевонд Андреасян

Басты рөлдерде:  Гарик  Харламов, Кристина Асмус, Екатерина Васильева, Александр Ревва, Татьяна Космачева,  Владимир  Яглыч, Сергей Сафронов, Юрий Кузнецов, Анна Антонова, Александр Самойленко

Сценариін жазғандар: Алексей Нужный, Николай Ковбас

Продюссерлері: Георгий Малков, Сарик Андреасян, Гевонд Андреасян

Операторы: Антон Зенкович

Композиторы: Александр Вартанов

Суретшілері: Давид Дадунашвили, Оксана Шевченко, Георгий Исаакян

Монтаж жасаушы: Георгий Исаакян

Бір жарым сағатқа созылатын туынды комедия және фантастика жанрында түсірілген.

Басты рөлді сомдайтын екі ғашық Кристина Асмус пен Гарик Харламовқа ұсынысты Евгений Абызовтың өзі жасаған. Евгений осыған дейін «Дублер» фильмімен танылып үлгерген еді. Comedy Club резиденті нағыз алаяқтың рөлін сомдайды. Мұнымен қатар Гариктің осы рөлді сомдауын режиссерлік команда бірауыздан қолдаған екен. Ал Кристинаны шақыру туралы ой бастапқыда болмаған. Қуанышына орай күйеуінің арқасында ешқандай да кастингтен өтпей, рөлге бірден тағайындалады.

 

"Әрине, жігіт басқа болғанда, актриса қызымыздың да рөлін басқа біреу сомдайтын еді. Кристинамен бірге ойнайтынын Гарик те білген жоқ. Десе де сахнада шын ғашықтардың ойнағаны режиссерлер үшін - ерекше құбылыс. Екі ғашық сезімдерімен бөлісті. Түсірілім алаңы романтикаға толы. Тыныштық пен береке», - дейді цехтағы әріптес қызметкерлер.

Фильмнің бюджеті 2 миллион долларды құрайды. Уақытты үнемдеу үшін түсірілім тобы тәулік бойы жұмыс жасауға мәжбүр болған екен. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: kinokadr.ru, kinomania.ru

Қ. Бүйенбай