- Негізгі бет
- Кино
- Өмірде болған оқиға...
Өмірде болған оқиға негізінде түсірілген 5 фильм
Кейде фильм көріп отырып: "Өмірде мұндай оқиғаның болуы мүмкін емес!" деген ойға келесің. Ал шынында болуы әбден мүмкін екен. "Кинода барлығы өмірдегідей болмаса да, өмірде көп нәрсе кинодағыдай болады" деген тіркес осыдан шықса керек. Назарларыңызға шынайы оқиғаны негізге алып түсірілген фильмдер топтамасын ұсынамыз. Расында, өмір ғажайыптарға толы!
"1+1" ("Intouchables")
Комедия жанрында түсірілген бұл туынды 2011 жылы жарыққа шықты. Туынды желісі бойынша тағдырдың жазуымен мүгедек болып қалған ақсүйек отбасының өкілі Филипп өзі мүлде қимылдай алмайтындықтан жанына көмекші әрі күтуші болатын жұмыскер іздейді. Алайда алдына келген үміткерлердің көбі қойылған талапқа сай болмай шығып, жұмыс істеуге ниеті болмаса да келіссөзге жұмыс іздеушілерге арналған жәрдемақы қағазына қажет құжаттарды аламын деген ниетпен келген Дрисс қана көзге түседі. Ақсүйек күні кеше түрмеден шыққан бұзақының бейқамдығына, қарапайымдылығына әрі ойындағысын тура айтатындығына қызығып, оны жұмысқа алады. Осылай бір-бірінен үйренері көп екеуі бірлесе жұмыс істеуін бастап кетеді. Бұл туынды Абдель Селлу мен Филлип Поццо ди Боргоның бастан кешкен оқиғасының желісі бойынша түсірілген.
"Беймәлім тұс" ("The Blind Side")
2009 жылы шыққан бұл туынды бүгінде америкалық футболдың кәсіпқой ойыншысы, танымал тұлға Майкл Оэрдің бастан кешкен оқиғасын баяндайды. Балалық шағы қиындыққа толы болған ол жасөспірім кезінде үй-күйсіз қалған екен. Оның жағдайын көрген Туилер отбасы Майклды асырап алуға бел буып, оқу үлгерімі нашар, алайда спортқа қызығушылығы бар бозбаланың ішкі сырын түсінуге талпынады. Уақыт өте Туилер отбасының арқасында Майкл Оэр бір белестен екінші белесті бағындырып, америкалық футболдан кәсіпқойлар лигасына жолдама алады.
"Марли екеуіміз" ("Marley & Me")
Туынды журналист Джон Грегордың 2005 жылы шыққан "Марли екеуіміз" атты автобиграфиялық кітабының желісі бойынша 2008 жылы түсірілген. Джон сүйіктісі Дженниге үйленгеннен кейін қосы ғашық Мичиганнан Флоридаға қоныс аударады. Өздерінің ата-ана болуға дайындықтарын тексеру үшін жас отбасы алдымен ит асырап көруді жөн санайды. Алайда көп иттің ішінен олар бір орында тұрмайтын, ең тынымсыз тұқымға жататын лабрадор итін таңдап, өздерін тығырыққа тақайды. Күнделікті өмірі шытырманға айналған Джон газетке иті Марли жайлы мақалалар топтамасын жариялап көреді. Оның бұл ойын көпшілік жақсы қабылдап, Марли мен Грегорлар отбасы үлкен танымалдылыққа ие болады.
"Бәрін өзгерткен адам" ("Moneyball")
Бұл 2002 жылы спорт әлемін шулатқан "Окленд Атлетикс" бейсбол командасына қатысты фильм. Менеджер Билли Бин қаражаттың аздығына қарамастан өз командасын бәсекеге қабілетті мықты ұжымдардың қатарынан көргісі келеді. Осы мақсатына жету үшін ол Питер Бренд есімді жас маманның кеңесіне жүгініп, "Атлетикске" танымалдылығы аз және келешегінен үміт күттірмейтін ойыншыларды жинауға бел буады. Басшылық, бапкер мен жанкүйерлер тарапынан үлкен сынға ұшыраса да өз айтқанынан қайтпаған Билли Бин команданың биік шыңға жетелейді. Нәтижесінде қатарынан 20 ойында жеңіске жеткен "Окленд Атлетикс" бұл көрсеткіш бойынша америка лигасының рекордын орнатады.
"Әлеуметтік желі" ("The Social Network")