Жаңа оқу тоқсаны басталып, оқушылар әдеттегі күн тәртібіне қайта оралды. Адамның адам болып қалыптасуы ортасына байланысты десек, сол ортаның негізгі өзегі — мектеп. Бүгін шытырманға толы мектеп өмірі туралы Оңтүстік Корея, Қытай, Гонконгте түсірілген фильмдер топтамасын назарыңызға ұсынамыз.
"Дос" / "Друг"
Режиссері: Квак Кён-тхэк
Ел: Оңтүстік Корея
Жылы: 2001
Фильмнің жарыққа шыққанына биыл 20 жыл болады. Фильм бір сыныпта оқитын төрт достың қилы тағдырын баяндайды. Олар уақытының көп бөлігін бірге өткізеді: бірге серуендейді, теледидар көреді, бірге сабақтан қашады. Кейін бірі мектепті үздік аяқтайды, бірі мектептен қуылады. Енді бірі ғашық болса, бірі сатқындықтың құрбаны болады. Мектеп аяқтап бірі жоғары оқу орнына түссе, бірі бұзақылар тобының мүшесі атанады.
90-жылдардағы Оңтүстік Корея қазіргіден әлдеқайда өзгеше болатын. 80-90 жылдары мектепте ұрып жазалау, мұғалімнің балаға еркін қол көтеруі және қылмыстық топтардың дәуірі өршіп тұрған кез болатын.
Жоғары сынып оқуышылары кино не дискотекаға бару үшін сабақтан қашып кететін. Соған қарамастан ол өздерімен бірге пышақ секілді, суық қару алып жүруге мәжбүр болатын. Өйткені, бәрі кез келген уақытта төбелес болуы мүмкін екенін білетін.
Фильмнің премьерасынан кейін актерлардың барлығы бір-ақ сәтте танымал болып шыға келді, ал корей кино индустриясында криминалға толы фильмдер дәуірі басталды. 2001 жылы "Дос" фильмі сатылуы жөнінен "Хэрри Поттер", "Шрек" пен "Перл-Харборды" басып озды.
Қосымша: Корей фильмі көңіліңізден шығып жатса, атақты режиссер Ю Ханың 2004 жылы жарыққа шыққан "Бір күні мектепте" туындысын ұсынамыз.
"Шаолиннің 36-қадамы" / "36-я ступень Шаолиня"
Режиссері: Лау Ка-Люн
Ел: Гонконг
Жылы: 1978
Солтүстік маньчжурлары Қытай билігіне келіп, халықты қыспаққа алады. Соған қарамастан, қарапайым халық басқыншыларға қарсылық көрсетеді. Солардың бірі оқушыларын көтеріліске дайындаған ұстаз болатын. Қатыгез, аяуды білмейтін маньчжур қолбасшысы Тьен Таға көтерілісшілер туралы ақпарат жеткен бойда, оларды жазалауға кіріседі. Жас студент Сань Дэ ұстазы, достары мен ата-анасының қаза тапқанын білгеннен кейін кек алуға бел буады. Бірақ қолбасшы ұлы жауынгер оны жеңу үшін әскери өнердің шебері болуы керек. Сань Дэ монастырьға барып, монахтарға ұстаздық етуге ұсыныс айтады.
Лау Ка-Люн — әскери өнер туралы фильмдердің режиссері. Оған әкесі кун-фуды үйреткен. Ал әкесі атақты шебер Хуан Фэйхунның шәкірті болған. Лау Ка-Люн ұлы шебер болудың оңай емес екенін фильмдері арқылы көрсеткен. Әскери өнер шығыс Азия мемлекеттерінде басты рөл ойнайды. Өнер философиясы физикалық дайындық арқылы ішкі жан-дүние мен сыртқы болмыстың үйлесімін табу және энергия ала білу.
Қосымша: Бұдан бөлек, Юэнь Ву-Пиннің "Қыран көлеңкесіндегі жылан" ( Змея в тени орла) атты фильмді көруге болады. Джеки Чан мен режиссер Лау Ка-Люннің арасында түсініспеушіліктер болған. Өйткені, актер күлкілі болу үшін дұрыс төбелеспеген. Ал Юэнь Ву-Пин әскери өнерді меңгеру қиындықтары туралы фильмді жеңіл әрі көңілді жеткізген.
3. "Қапырық күн астында" / "Под жарким солнцем"
Режиссері: Цзян Вэнь
Ел: Қытай
Жылы:1994
Ма Сяоцзюнь — мектепке баруға қарағанда, далада серуендеуді жаны сүйетін жасөспірім. Әдетте уақытын өзгелердің пәтеріне кіріп, олардың тұрғындарын зерттеумен өткізеді. Ол ұрлық жасамайды. Бар болғаны өзін зерттеуші ретінде біледі. Бұның бұл жайбарақат тірлігіне де себеп бар. Өйткені терезенің сыртында мәдени революция жүріп жатыр. Үлкендер жұмыста не биліктен тығылып жүр. Ересектер үшін қорқынышты уақыт болса, бала үшін бар болғаны шексіз жазғы демалыс іспетті.
Режиссер Цзян Вэнь — атақты актер. Ол басты кейіпкерді сомдаған фильмдер жетістікке жетсе, режиссер ретінде біраз уақыт бойына жолы болмады. Екінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталуы туралы түсірілген "Табалдырықтағы жын" (Дьяволов на пороге) атты фильмінен кейін билік оған 6 жылға дейін кино түсіруге тыйым салған болатын. Ал "Қапырық күн астында" атты фильмді әріптестері сол уақыттағы саяси әрекеттерді ақтап алды деп сөкті. Дегенмен фильм әлемдегі зор қиындық пен өшпенділікке қарамастан, балалық шақтың шуақты әрі уайымсыз дәурен екенін көрсеткендей.
Қосымша: Тянь Чжуанчжуанның "Көгілдір қағаз жылан" (Синий бумажный змей) фильмін де көруді ұсынамыз. Мектеп оқиға ортасы болмаса да, елдің тарихы баланың көзімен баяндалады: ешкімге зияны жоқ отбасы үздіксіз өзгере беретін ережелерге үйрене алмай әлек. Отбасының әрбір мүшесі тарих машинасының кезекті құрбаны болады. Бұл фильмнен кейін Чжуанчжуанға 10 жыл бойына кино түсіруге тыйым салынды.