- Негізгі бет
- Кино
- Николь Кидманның 4...
Николь Кидманның 4 минуттағы 4 миллиондық табысы
Есімі бүкіл әлемге әйгілі Николь Кидман осыдан бірнеше жыл бұрын атақты иіс су брендінің жарнамасына түскен болатын. Фильмнің толық атауы - Chanel No. 5: The Film. «Бұны жай ғана жарнама ролигі емес, фильм деп қабылдау керек», - деп есептейді жарнаманың режисері, атақты кино қайраткері Бэз Лурмани. Аталған жарнама ролигі осы уақытқа дейін жарнама индустриясы тарихындағы ең қымбат түсірілім болып саналады.
Оның тек 1 минуттық түсірілімінің өзі 11 миллион АҚШ долларына бағаланған. Ал жарнама жалпы 4 минуттан тұрады. Сонда бар болғаны 4 минуттық клиптің бюджеті 44 миллион долларды құрапты. Ал атақты голливуд актері Николь Кидман аталған бизнес тарихындағы ең үлкен гонорарға ие болды. Ол түсірілімге қатысқаны үшін 4 миллион доллар көлемінде қаламақы алған.
Осылайша, Николь Chanel брендінің ең табысты тұлғасы ретінде саналып келеді. Өз кезегінде, Chanel No. 5 иіс суы ең көп сатылымға ие болған және де ол парфюмерия әлеміндегі классикаға да айналып үлгерді.
Сонымен қатар, назарларыңызға жарнама жайлы қызықты фактілерді әзіл түрінде ұсынбақпыз.
Бүгінде біз жарнаманың арқасында мынадай нәрселерді білдік:
Ашық түсті көйлек киген әрбір қыз-келіншек өз сөмкесінде екі литрлік Vanish ұстап жүреді екен.
Кең, жарық және жақсы жиһаздалған үйлерде тұратын адамдардың бәрі «Роллтон» кеспесімен тамақтанады екен.
Номиналы 99 теңгелік ақша жасап шығару қажетілігі туды.
Жақсы үй иесінің әрқашан ваннадағы кафельдері кір, құбыр крандары, газ плиталары мен униздары тоттанған болып келеді екен.
Өмірдегі ең басты проблема – қайызғақ.
Егер екі кішкене бала ақ жейделерін әдейі былғаса, оларға айқай салған әкелері емес, бір қап кір жуғыш ұнтақ көтеріп келген әпкелері келеді.
Досыңның ашуын басқың келсе, оған сникерс бер.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: i-fakt.ru
А. Құлтай