- Негізгі бет
- Кино
- Неге үрейлі фильмдерге...
Неге үрейлі фильмдерге құмармыз?
Арамызда өмірінде бірде-бір рет үрейлі фильмдерді немесе триллерлерді көрмеген адамдар бар ма? Немесе бала кезде үлкендердің аузынан, балалар лагеріндегі ересектерден қорқынышты оқиғаларды естіп, көрпенің астында қорқып ұйықтамағандар табыла ма? Әйтеуір, адамдар сол қорқынышты дүниелерге құмар-ақ. Неге солай? Неге біз өзімізді қорқытамыз? Ащы әсерлер үшін бе, әлде, бұл каунтерфобия (қорқудан қашу) белгісі ме? Қорықпайтын болсаңыз осы сауалдардың басын бір ашып алайық.
Жалпы үрей жанрындағы "Отранто қорғаны" атты ең алғашқы әдеби шығарманы британдық ақсүйек Хорас Волполом 1764 жылы жазып шықты. 1818 жылы Мэри Шелли "Франкенштейн" повесін жариялайды, бұл осы жанрдың классикалық туындысына айналды.
Ең алғашқы үрейлі фильм – "Голем" аталады. Оны неміс режиссері Паул Вегенером 1915 жылы түсірді. Ал ең көп танымалдылық жинаған алғашқы фильм – "Дәрігер Калигаридің кабинеті". Картина 1920 жылы жарыққа шықты. 1922 жылы Германияда "Носферату" атты қанішерлер туралы тұңғыш фильм экранға тартылады. Одан бері киноиндустрия саласында қаншама үрейлі фильмдер шығып үлгерді. Біз оларды саусақпен санап тауыса алмаймыз, бастысы – бұл фильмдердің тұрақты көрермендері көп.
Әзірге психолог мамандар төрт түрлі себепті көрсетіп отыр:
1. Қандағы үрей = күйзеліс = адреналин және эмоциялар. Өмірде адамға адреналин жетіспейтін болса, ол үрейлі фильмдер көру арқылы орнын толтыра алады.
2. Қорқыныш шақыратын жағдайлар біздің назарымызды бірден аударады. Бұл табиғи нәрсе. Әскери оқиғалар немесе апаттар болған жерден тікелей көрсетілетін репортаждар, жаңалықтар адамдарды қалай тартатынын есіңізге түсіріңізші. Мұндай қорқыныш фильмнің соңында болатын эйфория үшін аса қажет.
3. Үрейлі фильмдерде адам күн сайын ұшырасатын қорқынышты оқиғалар көрініс табады. Кейде шектен шығып кететіні де бар. Мұндай қорқынышты сәттерді мамық диванда, қауіпсіз жерде отырып бастан өткеру – ойын-сауықтың, уақыт өткізудің бір түрі.
4. Психологтардың айтуынша, адам каутерфобия үдерісі кезінде басқаларға қарағанда батыл әрі салқынқанды екендігін дәлелдегісі келеді екен. Осы мақсатпен бастарын қауіп-қатерге тігеді. Яғни, өзін сынау үшін жан түршіктірер дүниелерге құмартады. Мамамандар каунтерфобия адам соққы, жарақат алған кезде күшейіп кетеді дегенді айтып отыр.
Каутерфобиялық әрекеттердің арты экстремалды спорт түріне деген махаббатты да тудыруы мүмкін. Мәселен, адам бір рет парашюттан секіреді, бұл оған қауіпсіз көрінеді де, екінші рет онан да жойқын әрекеттерге барады, өліммен бетпе-бет кездесуге асығады.
Ғалымдар кез келген адамның бойында каунтерфобия белгісі байқалады, оны өзіңіз сезінбеуіңіз де мүмкін. Кезекті үрейлі фильмнің премьерасы кезіндегі лық толған залдар немесе виртуалды сарбаздардың қаны мен өліміне куә болуға болатын әртүрлі видеоойындарға деген жоғары деңгейдегі сұраныс мұның дәлелі бола алады. Кей адамдар үрейден қашады, ал басқалары онымен кездесуге асығады.
Үрейлі фильмдерді сүйіп көретіндер өздерін бақытсыз сезінуден бақыт табады. Оларға қорыққан ұнайды, олар фильмнің ең үрейлі сәттерінен ләззат алады. Және осындай әдеттен тыс махаббатқа ие көрермендер психолгиялық жағынан өзгеше келеді екен.
Ал сіз үрейлі фильмдерді не үшін көресіз?