Наруто – М6асаси Кисимотоның ең өтімді және ең керемет сёнэн жанрындағы мангасы. Жылдар бойына созылған «Наруто» анимесі осы жылдың көктемінде аяқталған болатын. Әр сериясын апта сайын күтетін әлемдегі жастардың «Наруто» анимесін не үшін көретінін білесіз бе? Жалпы оның қандай ерекшелігі барын аңғардыңыз ба?
Ішіне тоғыз құйрықты түлкінің мөрін басып алған, қағылез әрі тентек Наруто әкесі мен шешесінен туа салған кезінде айрылады. Әкесі – Минато мен шешесі – Кушина ұлдары үшін жандарын құрбан етіп, балаларының ішіне тоғыз құйрықты түлкінің өзін мөрлеп, таңбалап кетеді. Сол кездің өзінде оның әкесі Минато төртінші хокагэ еді. Яғни бір аймақтың ең беделді және ең күшті батыры атағы есебінде.
Ішіне құйрықты құбыжық мөрлеген әрбір адамды манга желісі бойынша «джинчурики» деп атайды. Яғни олардың өз табиғи күштерінен бөлек іштегі жатқан жануарлардың бойында болатын күші бұларды ерекше қылып көрсетеді. Манга тілімен ол күшті «чакра» деп атайды. Адамның ішіне не денесіне басылған мөр кеткен күні, іштегі мақұлық сыртқа шығып, ешкімге бағынбай көз алдарындағы кез келген тіршілікті жоқ қылып жіберуге бар. Ал бұл анимедегі басты кейіпкер Нарутоның бәрінен күшті болуы да осы жерде. Яғни оның ішінде жатқан, Әулие жаратқан тоғыз құйрықты түлкінің ең күштісі болуында. Оған дейін құйырық санына қарай жануарлар бөліне береді. Яғни бірден тоғызға дейін.
Наруто анимесі – ең біріншіден балаларға арналмаған. Басты себеп оны түсініп көру керек. Ал жеткіншектер үшін тек шайқастары қызық болуы мүмкін, ал сөздеріне мән беретін олар жоқ. Айналып келген кезде Жапониядағы анимелердің көп сандысы (+18) деңгейнінде жарыққа шығады. Ал Нарутоның ерекшелігі ондағы мораль.
Наруто – адамды жауапкершілік пен достыққа, сүйіспеншілік пен мейірімге шақыратын, тартысқа толы аниме. Жалғыз кейіпкер бойына адам баласына керек және тән мінездерді сидыра білген.
Нарутоның бойында бар қасиеттер:
Қайтпас-қайсар мінезі;
Мейірімге толы жүрек иесі;
Жалғыздықтың дәмін тата отырып, өмірге сүйіспеншілікпен қарауды сезінген жан;
Қолынан келмесе де үйренуге тырысатын талапты шәкірт;
Алдына қойған мақсатына жетпей қоймайтын;
Қателікті түсініп, одан сабақ алатын;
Достарын және ауылын жаудан қорғау жолында жанын құрбан етуге дайын ерекше кейіпкер.
Жалғасы бар...