- Негізгі бет
- Кино
- Нариман Төребаев Достоевскийдің...
Нариман Төребаев Достоевскийдің шығармасынан кинофильм түсірмек
«Шуақты күндер» ("Солнечные дни") атты кинофильмімен танымал қазақстандық режисер Нариман Төребаев Федор Достоевскийдің «Ақ түн» шығармасының желісімен жаңа трагикомедия түсірмек.
Кинофильмнің басты рөлін VIII "Евразия" кинофестивалінде "Конвой" кинолентасы бойынша ең үздік ер адам рөлін жеңіп алған Азамат Нығманов ойнайды.
Картинадағы әйел адамның рөлін жас актриса Айнұр Ниязова сомдайды.
Ол осыған дейін «Аңыздар кітабы: Жұмбақ орман» кинофильмінде бой көрсеткен еді.
Режисердің ойынша, Ниязовадан басқа ешкім бұл рөлді алып шыға алмайтын көрінеді. «Мен Айнұрмен видеобайқау өткіздім. Ол Мәриямның (кинофильмдегі басты әйел рөлі) рөлін бірден-ақ түсіне кетті. Мен содан кейін Айнұрдың осы образды алып шыға алатынына толық сендім. Рөл өте қиын, әрі ауыр», - дейді режисер Нариман Төребаев.
Кинофильмнің түсірілімі 9 маусым күні Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының басқаруымен басталады да, бір жарым айға созылады. Қазір кинофильмнің эпизодтық рөлдеріне кастинг өтіп жатыр.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер:season.kz, kazakhfilm.kazakh.ru
А. Әбілхан