- Негізгі бет
- Кино
- Мықты әйелдер туралы...
Мықты әйелдер туралы фильмдер
Әрбір сынақ адам баласының жігерін шыңдап, одан әрі мықтырақ етеді. Қиындықтарға төтеп беріп, өзінің өмірде бағалы нәрсеге лайықты екенін дәлелдеген әйел туралы фильмдер топтамасын назарға ұсынамыз.
1. Джой
Joy
АҚШ, 2015 жыл.
Драма, биография.
Ұзақтығы: 124 минут.
IMDb: 6,6.
Джой — ажырасқан, екі баланың анасы. Ол бұрынғы күйеуімен және ата-анасымен тұрады. Джойдың әпкесі табысты әйел, сол себепті әрдайым өз әпкесінің мазағына төзуге мәжбүр. Ең жақын досы ғана оның өнертабысы табысты болатынына сенеді.
2. Бритджит Джонс күнделігі
Дневник Бриджит Джонс
Bridget Jones’s Diary
Ұлыбритания, Франция, АҚШ, 2001 жыл.
Комедия, мелодрама, драма.
Ұзақтығы: 97 минут.
IMDb: 6,7.
Бриджит Джонс өмірінде дағдарысты кезең басталады. Жеке өмірінде де сәтсіздіктер, оның үстіне қанша тырысса да арықтай алар емес. Кейін кейіпкер өзіне сеніп, өзгеруге шешім қабылдайды. Сол сәтте өзінің махаббатын кездестіреді.
3. Ібіліс Prada киеді
Дьявол носит Prada
The Devil Wears Prada
АҚШ, Франция, 2006 жыл.
Драма, комедия.
Ұзақтығы: 109 минут.
IMDb: 6,9.
Энди журналист болуды армандайды. Ол үшін сән журналына ассистент болып жұмысқа тұруға тырысады. Өз қызметкерлеріне қатал талап қоятын бас редактор Миранда Пристли Эндиді күтпеген жерден жұмысқа алады.
4. Эрин Брокович
Erin Brockovich
АҚШ, 2000 жыл.
Драма, биография.
Длительность: 126 минут.
IMDb: 7,3.
Эрин Брокович жас кезінде "Тынық мұхит жағалауының миссі" атанса, қазір ол жағдай нашар, жұмыссыз, жалғызбасты ана. Бір күні бір ол көлік апатына ұшырайды. Бірақ бұл жағдайда сотта ол өтемақы ала алмайды. Бұған Ериннің тәкаппар мінезі себеп болады. Әйел тығырықтан шығудың жалғыз жолы өз адвокатының кеңсесіне жұмысқа тұру екенін түсінеді. Ол қаламаса да, мүмкіндік беріп, оны көмекші етіп алады және олар химиялық заттармен ластанған су мәселесін бірге зерттеуге кіріседі.
5. Молли ойыны
Большая игра
Molly’s Game
АҚШ, Канада, Қытай, 2017 жыл.
Драма, криминал, биография.
Ұзақтығы: 140 минут.
IMDb: 7,4.
Молли Блум бұрынғы олимпиадалық дәрежедегі шаңғышы болды, бірақ ауыр жарақат оның болашақтан үмітін үзді. Содан кейін қыз өзін табу үшін Лос-Анджелеске көшеді. Мұнда ол түнде астыртын покер ойындарын ұйымдастыратын Дин Киттің көмекшісі болып жұмыс істей бастайды. Үй иесі ретінде бастаған Молли кейінірек ойынның негізгі ұйымдастырушысы болады. Ол қамауға алынғанша сән-салтанатпен өмір сүреді. Моллиді сотта өз ісінің шебері заңгер Чарли Джеффи қорғайды.
6. Кішкентай ханымдар
Маленькие женщины
Little Women
АҚШ, 2019 жыл
Драма, мелодрама.
Ұзақтығы: 135 минут.
IMDb: 7,8.
Марч мырза азамат соғысы кезінде борышын өтеуге кетеді. Ал әйелі мен төрт қызы үйде қалып, өз күндерін көруге тырысады. Қыздарының бәрі түрлі жолды таңдайды. Екінші қызы Джо Нью-Йоркке атақты жазушы болу үшін аттанады. Мег тұрмысқа шығады. Эми болса Парижде бақуатты Марч әпкесімен бірге өмір сүреді. Алайда, үйдің кенжесі, талантты Беттің сырқаттанғаны туралы хабар апалы-сіңлілерді бір шаңырақ астына қайта жинайды. Мұнда олар бір кездері Джо ұсынысын қабылдамаған, отбасылық досы ортақ достары Лориді кездестіреді.
7. Қызметші
Прислуга
The Help
АҚШ, 2011 жыл.
Драма.
Ұзақтығы: 146 минут.
IMDb: 8,0.
Миссисипи, 1960 жылдар. Скитер колледжден туған қаласына оралады. Ол жазушы болуды армандайды және қара нәсілді әйелдер туралы кітап шығаруға бел буады. Айбилин – Скитердің ең жақын досының үй қызметшісі. Ол жазушымен өзінің басынан кешкендерін бірінші болып бөліседі. Көп ұзамай қызметші әйелдер жазушыға ашыла бастайды.
8. Эббинг шекарасындағы үш билборд, Миссури
Три билборда на границе Эббинга, Миссури
Three Billboards Outside Ebbing, Missouri
Ұлыбритания, АҚШ, 2017 жыл.
Драма, криминал.
Ұзақтығы: 115 минут.
IMDb: 8,1.
Милдред Хейстің қызы кісі қолынан қаза табады. Қылмыскер табылмады, ал Милдред болса бұл әділетсіздікке көне алмайды. Ол шетінде қараусыз қалған үш билбордты жалға алып, оларға жергілікті полицияның әрекетсіздігіне шағымданатын плакаттар іледі. Бұл жанжал туғызып, қала тұрғындарын Милдредке қарсы қояды. Бірақ әйел батылдық танытып, істің ашылуын талап етеді.
9. Миллионға татитын бойжеткен
Малышка на миллион
Million Dollar Baby
АҚШ, 2004 жыл.
Драма, спорт.
Ұзақтығы: 132 минут.
IMDb: 8,1.
Боксшы болуды армандайтын Мэгги Фрэнкиден оның жаттықтырушысы болуын сұрайды. Ер адам алғашында бұл ұсынысқа күмәнмен қарайды. Бірақ Мэгги өзін айтқанынан қайтпайтын күрескер ретінде көрсетеді, соңында Фрэнки келіседі. Жалғыз, ешкіммен араласпайтын ол талантты шәкірт ғана емес, жақын дос та табады.
10. Тоскана күнінің астында
Под солнцем Тосканы
Under the Tuscan Sun
АҚШ, Италия, 2003 жыл.
Драма, мелодрама, комедия.
Ұзақтығы: 113 минут.
IMDb: 6,8.
Фрэнсис Мэйес Сан‑Францискодан келген жазушы. Жақында ғана күйеуімен ажырасқан оның өмірінде дағдарыс басталады. Құрбылары Италияға баруды ұсынады. Жаңа ел оған қатты ұнап қалғаны соншалықты, ол Тосканадан үй сатып алады. Жаңа достар тауып, жаңа өмір бастайды.
Т. Есқали