Дисней студиясы ұсынған толықметражды "Моана" мультфильмінің қазақ тіліндегі трейлері жарық көрді. Мультфильмнің тұсаукесері 2016 жылы 1 желтоқсан күніне жоспарланған.
Лидия Кәден, Назерке Серікболова, Мақпал Исабекова, Бүркіт, Жәнібек Мұсаев және Сырым Қашқабаев сынды Қазақстан әншілері мен актерлері мультфильмнің басты кейіпкерлеріне өз дауыстарын сыйлады.
Disney "Моанасының" ағылшын тіліндегі нұсқасын Аулии Кравалхо (Моана), қаһарман образын сомдап жүрген Дуэйн Джонсон (Мауи) дыбыстаған. Сонымен қатар, Джемейн Клемент (Таматоа), Рэйчел Хаус (Тала), Темуэр Моррисон (Туи), танымал әнші Николь Шерзингер (Сина) дыбыстаушылар тізіміне енген.
Қазақ тіліндегі дубляж режиссері Рита Әбішева, жобаның музыкалық жетекшісі – Күнімгүл Борамбаева.