- Негізгі бет
- Кино
- Мінсіз актерлік құрам:...
Мінсіз актерлік құрам: Журналист өмірі туралы жаңа картина
Searchlight Pictures компаниясы Уэс Андерсонның "Француз диспетчер" (The French Dispatch) аталатын жаңа комедиялық драмасының трейлерін жариялады.
Аталған картина мінсіз актерлік құрамымен таңғалдырды. Түсірілім алаңында бір мезетте Тимоти Шаламе, Билл Мюррей, Тильда Суинтон, Оуэн Уилсон, Элизабет Мосс, Леа Сейду, Сирша Ронан, Эдриан Броуди сынды нағыз харизмалы өнерпаздар жұмыс істеген.
Фильм сюжеті 1950 жылдардағы Францияда орын алады. Картина америкалық газет ұжымының қызметкерлірінің өмірінен сыр шертеді. Сол журналистердің бірі өз журналын шығаруға бел буады. "Француз диспетчер" тілші мансабындағы этикалық аспектілер мен цензураға қарсы күрес туралы баяндайды.
Фильмнің нақты не туралы екенін түсіндіру қиын. Ол, ең алдымен, сөз бостандығы үшін күресуші тұлғаның портреті. Бас кейіпкер өзі қалаған дүние туралы жазғысы келеді және сол жолда еш кедергіге мойымайды.
Әлемдік премьера 2020 жылдың 24 шілдесіне жоспарланған.
Т. Раушанұлы