- Негізгі бет
- Кино
- Минск көрермендеріне қазақ...
Минск көрермендеріне қазақ кинофильмдері ұсынылуда
Қазақстан Республикасының Беларусьтағы елшілігінің бастамасымен Минск қаласында қазақстандық кинолардың апталығы басталды.
Ашық апталық ҚР тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жайлы түсірілген "Балалық шағымның аспаны" кинофильмімен ашылды.
"Қазақстан мен Беларусь арасында нағыз бауырмал ынтымақтастық жалғасын тауып келеді. Мәдениет пен білім аясына байланысты екі ел арасында бірқатар жобалар қолға алынуда. Қазақстандық кино апталығы Беларусь халқының қазақ жерінің мәдениетін танып білуіне жол ашпақ", - деді Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Ерғали Бөлегенов.
Қазақтандық кинофильмдер апталығы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне байланысты ұйымдастырылып жатыр. 10 желтоқсан мен 15 желтоқсан күндері арасында Минск қаласының "Орталық" кинотеатрында Қазақстан тарихының әр ғасырынан сыр шертетін алты кинокартина көрсетіледі.
Қазақстан-Беларусь екіжақты ынтымақтастығына ағымдағы жылдың қыркүйек айында 20 жыл толды.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: antigorod.com, today.kz, kursiv.kz
А. Әбілхан