- Негізгі бет
- Кино
- Мэрилин Монроның досы...
Мэрилин Монроның досы оның құпия суреттерімен бөлісті
Өз заманында аса танымал болған фотограф Милтон Гриннің ұлы Джошуа Vanity Fair басылымына актриса Мэрилин Монроның құпия суреттерін берді. Жас жігіт әкесінің коллекциясын сұрыптап, онда көптеген белгісіз фотосуреттер барын анықтаған. Ол, сондай-ақ, өз отбасының актрисамен өте жақын қатынаста болғанын айтады. Тіпті, кейде фотограф пен оның жұбайы балаларын Монроға бақтырған екен.
Мэрилин мен Милтон 1953 жылы Лос-Анджелес қаласында танысқан. Содан бастап актриса фотографтың басты нысанына айналды десе де болады. Өйткені, Монроға Милтонмен жұмыс істеген ұнайтын. Олар өмір бойы дос болып өтті.
Джошуа өзі тауып алған суреттерді алғашқы нұсқасына барынша ұқсату мақсатында заманауи технологияларды пайдаланған. Әсіресе, түс пен жарық үйлесіміне қатысты.
"Бұл менің әкемнің трибьют альбомы", — дейді Джошуа.
А. Оралқызы