- Негізгі бет
- Кино
- Мемге айналған фильмдер...
Мемге айналған фильмдер
Интернет кеңістігінде, әсіресе әлеуметтік желілерде мем өте танымал. Алғаш боп "мем" терминін енгізген биолог Ричард Докинз еді. Ол 1976 жылы жарыққа шыққан "Эгоистичный ген" атты кітабында биологиялық ақпарат геннен тұратыны сияқты, мәденит үшін құнды ақпарат негізгі бөлшек — мемнен тұрады деп көрсеткен. Бүгінде мем бұл адамның ойын әзілмен, суретпен жеткізе отырып, оны нақтылай түсу үшін қолданады. Бұл да — бір эмоджи түрі. Назарларыңызға атақты мемдер алынған фильмдер топтамасын ұсынамыз.
"Восстание планеты обезьян" / "Маймылдар планетасының көтерілісі" (2011)
Мем: зерттеу әрі тәжірибе жүргізу нәтижесінде зияткерлік деңгейі артқан маймылдардың қолбасшысы Цезарь бас кейіпкердің қасына жақындап, құлағына "Цезарь үйінде" (Цезарь дома) деп сыбырлаған сәті әлі де танымал мемдердің бірі. Қазір оны TikTok желісінде жиі байқауға болады. Ол жерде бұл мемнің "жаңа өмірі" басталғандай. Эх, бұл маймыл не айтпады. Қолданушылардың қиялында шек жоқ екенін осыдан-ақ байқауға болады.
Сюжет: ғалым Уилл Родман Альцгеймер ауруынан емдейтін дәрі іздейды. Ол жаңа вирус түрінде жаңа екпе жасап шығып, оның күшін білу үшін маймылдарға салады. Бір маймылды ғалым өзінің үйінде алып қалып, оған Цезарь деп ат қояды. Нәтижесінде жануарлардың зияткерлік деңгейі артып, енді еркіндікті талап етіп, көтеріліске шығады.
"Великий Гэтсби" / "Ұлы Гэтсби" (2013)
Мем: Леонардо ДиКаприоның бокал көтеріп тұрған суретін көрген шығарсыз. Иә, бұл осы фильмнен алынған. Бір қызығы бұл мем фильм шықпастан бұрын, алғашқы трейлерден кейін танымал болды. Мемді түрлі мағынада қолданады. Көбіне жақсылыққа, қызықты нәрсеге немесе кей адамның ақымақтығы үшін "алып қояйық!" деген мағынада қолданылады.
Сюжет: фильм америкалық жазушы Фрэнсис Скотт Фицджеральдтың романы желісі бойынша түсіріліген. Оқиға 1920-жылдары орын алады. Америкалық арман қуып келген Ник Каррауэй (Тоби Магуайр) Нью-Йоркке келе сала, атақты әрі бай Гэтсбимен көрші болады. Көршісі джаз стиліндегі ең үздік кештердің ұйымдастырады. Ник ойламаған жерден тәттісі де, ащысы да бар байлар өмірінің бөлшегіне айналады.
"Интерстеллар" (2014)
Мем: Астронавт Купер Миллер ғаламшарынан өз кемесіне оралған кезде, Жерден видео хабарлама алады. Видеода әкесі үйде болмаған уақыт ішінде есейіп кеткен, 23 жастағы қызы әкесін хат жолдаған болатын. Бұны көріп кейіпкер жылай бастайды. Әлеуметтік желі қолдануышлар бұны мұңды мем ретінде қолданады. Бірақ арасынан ирония ретінде қолданатындар да бар.
Сюжет: Миллер ғаламшарындағы бір сағат жердегі жеті жылға татиды. Уақыт кеңістігенен асып бұл аймаққа өз еркімен барам деушілер аз. Бірақ, амал жоқ. Өйткені Жер мен адам жойылып кету алдында тұр. Шаңды боран, құрғақшылық көптеген өсімдіктің жоғалуына сеебп болды. Өзге кеңістікке ұшуға келісім бергендер арасында Мэттью Макконахидың кейіпкері Купер де бар.
"Мстители" / "Кек алушылар" (2012)
Мем:Тони Старк рөліндегі Роберт Дауни-кіші Америка Капитанының сөзіне көзін ақшита жауап беретіні бар.
Сюжет: Marvel кино кеңістігінің алтыншы фильмінің сюжеті бойынша Локи қайта оралады. Енді қаһармандар біріге отырып, қайта адамзатты құтқаруы тиіс.
"Остров проклятых" / "Қарғыс ұрғандар аралы" (2010)
Мем: екі заң өкілі жұмыстармен белгілі аралға келе жатқан сәт. Олардың бірі Тедди Дэниэлс (сомдаған ДиКаприо) теңіз дертініне шалдыққан. Әріптесінің сұрағын жауапсыз қалдырып, алысқа көз салып тұратын сәті мемге айналды. Бұл мемнің атауы да бар: "Мәні жоғары ДиКаприоның үнсіздігі".
Сюжет: аралда орналасқан психикалық ауытқуы бар қылмыскерлерді қалпына келтіру орталығынан емделуші әйел жоғалып кетеді. Тергеу жұмыстарын жүргізу үшін Тедди Дэниэлс (Леонардо ДиКаприо) пен Чак Оулды (Марк Руффало) жібереді. Оқиға біз ойлағаннан да шиеленіскен әрі жұмбақ.
Т. Есқали