Университет қабырғасында оқып, жоғары білімі иесі екеніңді білдіретін дипломды төрт жыл табаныңды тоздырып жүріп алмай-ақ танымал һәм миллионер болуға болады. "Актерліктің оқуы жоқ" дейтіндермен кейбір жағдайда келісесің. Назарларыңызға мектеп бітірмей-ақ, танымал болғандарды ұсынамыз.
Дженнифер Лоуренс – америкалық кино және телешоу актрисасы. "Оскар" (2013), "Академия" (2013), үш “Алтын глобус” (2013, 2014, 2016), BAFTA (2014), "Гилдии АҚШ киноактерлері" (2013, 2014), және "Сатурн" (2013) сыйлықтарының иегері.
Голливуд жұлдызы сұқбаттарының бірінде орта білімінің жоқ екенін мойындаған. Дженнифер мектепті 14 жасында тастап кеткен. Сондықтан оның дипломы түгіл мектеп бітіргендігін куәландыратын аттестаты да жоқ. Оның айтуынша, оқуын үйінде жалғастырған. Сондықтан өзін басқалардан кем деп есептемейді. Актрисаның орта және жоғары білімінің жоқ екенін таланты жасырады. Ол осы дарынының арқасында бүгін бүкіл әлемге танымал жұлдыз. Жасөспірім кезінде ол модель болып жұмыс істеген, осылай Дженниферге Голливудтың есігі ашылған.
Николь Кидман – аустралиялық-америкалық актриса, әнші, продюсер және ЮНИСЕФ-тің ізгі ниет елшісі. Вирджиния Вулфтың “Көру” фильміндегі рөлі (“Үздік актриса” номинациясында Аустралиядан шыққан алғашқы актриса) үшін 2003 жылғы “Оскар” сыйлығының лауреаты. Голливудтың Даңқ аллеясында номиналды жұлдыз иесі.
Сондай-ақ ол “Алтын глобус” сыйлығының бес рет жеңімпазы (1996, 2002, 2003, 2018 - екі рет), “Күміс аю” (2003), BAFTA (2003), екі “Эмми” (2017 ж. - екі рет) және “Сатурн” сыйлықтарының иегері.
Болашақ жұлдыз Гавайда дүние есігін ашқан. Мектеп табалдырығын аттағанда отаны – Аустралияға қайтып келген. Ол жерде Кидман аптап ыстықтан үлбіреген терісі күйіп, әбден қиналған. Сол себепті негізгі уақытын мектеп пен үйірмелерге жұмсаған. Кидман 17 жасқа келгенде анасы қатерлі ісік ауруымен науқастанған. Содан соң ол оқуын тастап, массажшы болып жұмыс істеген және тв-шоу мен сериалдарда актриса боп қатар ақша таба бастаған. Осылай болашақ жұлдыз танымал һәм атақты режиссерлердің көзіне түскен. 80-жылдардың соңына қарай оның шынымен де жолы бола бастаған. Қазір Голливудта ең көп гонорар алатын актрисалардың бірі.
Деми Мур – америкалық актриса, модель және бірнеше әннің авторы. “Сатурн” (1991) сыйлығының иегері.
Әлемге әйгілі актриса ешқашан әкесін көрмеген. Әкесі анасын жүктілік кезінде тастап кеткен. Ішкілікке салынған өгей әкесінің қолында өскен болашақ актриса үнемі көшіп-қонып жүрген. Қаржылық жағдайы да қиын болған. Осылай болашағын жас кезінен ойлаған актриса 16 жасында мектепті тастап, ұжымдық агенттікте жұмыс істеген. Кейін модель ретінде актрисалық мансабын бастаған.