Болашақта «Полиционер» деген атпен «Маска» фильмінің режисері Қазақстанда кино түсіруді жоспарлап жүр. Әлемге аты белгілі "Маска" және "Элм көшесіндегі сұмдық" ("Кошмар на улице Вязов") фильмдеріне режисерлік еткен Чак Рассел жаңа бір жобаны қолға алуға келісім берді.
«Маска» фильмінің режисері Чак Рассел
Қазақстанда түсірілетін кинофильмде «Супермен» фильмінің продюсері Пьер Шпенглер мен «Аңыздар кітабы. Сырлы орман» отандық кинофильмімен таныс Ернар Құрмашев бірігіп жұмыс атқаратан болады.
«Супермен» фильмінің продюсері Пьер Шпенглер
Ернар Құрмашев («Аңыздар кітабы. Сырлы орман»)
«Полиционер» кинокартинасында екі құрлықта тұратын екі полиция қызметкерінің тарихы баяндалады. Бірі американ жерінде тұрса, енді бірі Ресей елінде күн кешеді. Орыс мафиясының желісіне құрылған кинофильмде олар ойда жоқта әріптес атанады.
Кинофильмді Кино қоры қаржыландыратын болады.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: ava-pskov.ru, filmmusicmag.ru