Лос-Анджелес қазақстандық фильмдерді тамашалайды

Лос-Анджелес қазақстандық фильмдерді тамашалайды

Тамыздың 3-9 аралығында Лос-Анджелес қаласында өтетін "Қазақстан: картиналар калейдоскопы" кинофестивалінде отандық 13 фильм көрсетіледі. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі фестивальдің пресс-атташесі Олег Беловқа сілтеме жасай отырып хабарлады.

Киноленталарды іріктеуге америкалық мамандар қатысты. Қазылардың шешімімен шара аясында 6 деректі, 7 көркем фильм көрсетілетін болады. Америкалықтардың назарына ұсыналатын 6 деректі фильм мыналар: Арманд Ассанте мен Еркін Ялгашевтың "Диалог через степь" (Жайлаудағы диалог), Берік Барысбековтың "Страна, выбравшая жизнь" (Өмірдің өзі таңдаған ел), Нелло Карреаленің "Волк на бубне" (Дабыл қағушы қасқыр) , Юлия Тихонованың "Мы увидим завтра" (Біз оны ертең көреміз), Рүстем Әбрашевтың "В поисках Тенгри" (Тәңірді іздеу) және Василий Мозжухиннің "108 часов" (108 cағат) атты туындылары.

ва

Фестиваль баннері. Лос-Анджелес қаласы.

Фестивальде көпшілік назарына ұсынылатын көркем фильмдер: Ермек Шынарбаевтың "Письма к ангелу" (Періштеге хат), Ерлан Нұрмахамбетов пен Бекарыс Елубаевтың "Маленький охотник" (Кішкентай аңшы), Фархат Шәріповтың "Сказ о розовом зайце" (Қызғылт қоянның бастан кешкендері), Артем Ганцевтың "Сделка" (Келісім), Қанағат Мұстафиннің "Рывок" (Жұлқу), Сламбек Тәуекелдің "Земля обетованная" (Жердегі тіршілік) және Ермек Тұрсыновтың "Келін" фильмдері. Айта кетелік, "Келін" осымен аталған фестивальде екінші рет көрсетілейін деп отыр.

Сонымен қатар, фестиваль аясында қазақтың әшекейлері мен әр кезеңдегі киноплакаттарды назарға ұсынатын екі көрме өтеді. Фестивальдің басқарушы директоры Гаухар Нұртас: "Шараның музыкалық палитрасын "Інжу маржан" вокалды-инструменталды тобы мен солист-инструменталист Ержан Исин қамтамасыз ететін болады. Ержан жұртшылықтың алдына өзі патенттеп алған электр домбырасымен шығатын болады", - деді.

Фестиваль Американың Режисерлер Гильдиясы (Directors Guild of America) залында өтпек.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: yvision.kz, facebook.com