- Негізгі бет
- Кино
- Ларс фон Триер...
Ларс фон Триер кез келген жанды жаңа жобасына шақырады
Белгілі дат кинорежиссері Ларс фон Триер Копенгаген өнер фестиваліне байланысты Gesamt атты жаңа жоба бойынша киноға түскісі келетін кез келген адамдардан лента құрамақ.
Бұл жөніндегі ақпартатты The New York Times газеті беріп отыр. Gesamt – астары түрлі көркем формаларға толы әр түрлі өнер шығармаларының құрылуы жөніндегі киноэксперимент. Осы жобаға қатысқысы келетін кез келген адам 6 қыркүйекке дейін уақыты 5 минуттан ары аспайтын бейне не аудиожазбаларды жіберуі керек. Жазбаларды жобаға Ларс фон Триер мен жоба директоры Йенле Халлунд іріктейтін болады. Үміткерлердің жобаларында әр түрлі шығармалар көрініс табуы міндетті.
Шығармалардың арасында: ирландық жазушы Джеймс Джойстың "Улисс" романы, швед драматургы Август Стриндбергтің «Әке» пьесасы, француз композиторы Сезар Франктың кез келген сонаты, америкалық эстрада әртісі Сэмми Дэвистің 1969 жылы The Hollywood Palace бағдарламасында орындаған әні, Поль Гогеннің «Біз қайдан келдік? Біз кімміз? Қайда бара жатырмыз?» туындысы болуы керек.
Ал бұл еркін жобаның премьерасы 12 қазанға жоспарланып отыр.
Gesamt термині неміс тілінен аударғанда «барлық» немесе «жиынтық» деген мағына береді. Алғаш рет бұл терминді неміс композиторы әрі философы Рихард Вагнер нағыз өнер шығармаларының жиынтығы деп қолданған. Әр түрлі: поэзия, проза, музыка, би, архитектура секілді көркем формалардың бәрінің қосындысы санаған. Жобаның арнайы сайтының айтуынша, Gesamt киножобасының концепциясы – шығармалардың әр түрлі формада ғана емес, сонымен қатар әр түрлі адамдарға арналатынын да көрсету.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: showbuzz.ru
А. Әбілхан