- Негізгі бет
- Кино
- Ларс фон Триер...
Ларс фон Триер фильмінің трейлері шықты
Ларс фон Триердің "Джек салған үй" фильмі Қасапшы Джек лақап атымен белгілі болған кісі өлтіруші туралы. Сюжет желісі бойынша оқиғаны басты кейіпкердің өзі баяндайды. Түсірілімге Мэтт Диллон, Райли Кио, Ума Турман мен Бруно Ганц қатысқан.
Ларс фон Триер осыған дейін "Түнектегі биші" атты картинасы үшін "Алтын пальма бұтағын" алып үлгерген болатын.
Канн конкурсына қатысу-қатыспауы белгісіз боп келген картинаның көрсетілімі өтіп, ресми трейлері әлеуметтік желілерде жарияланды. Алдағы күзде кинотеатрлардан көру мүмкіндігі пайда болады.
Канн кинофестивалінің креативті директоры Тьерри Фремо режиссер Ларс фон Триердің фестивальге қайта оралатынын хабарлағанда қуанбаған адам жоқ шығар. Бұл туралы Фремо Europe 1 радиосының франциялық тармағына берген сұхбатынан белгілі болған еді.
Тьерри Фремо кинофестивальдің президенті Пьер Лескюрдің Ларсты "persona non grata" ("жағымсыз адам") тізімінен алып тастауды қолға алғанын айтып, жағымды хабармен бөліскен. Осыдан 7 жыл бұрын атақты режиссердің Гитлер мен нацистерге қатысты оң көзқарасы салдарынан Канн фестивалінен шеттетілген болатын. Оқиға 2011 жылы "Меланхолия" фильмінің пресс-конференциясында орын алған.
А. Оралқызы