Қырымда «Кавказдық тұтқын қыз» қайта түсіріліп жатыр

Қырымда «Кавказдық тұтқын қыз 2 немесе Шуриктің жаңа оқиғалары» деген атпен Леонид Гайдайдың аңызға айналған атақты кинофильмі римейк үлгіде түсіріліп жатыр.

Шуриктің рөлінде Дмитрий Шаракоис, ал Сааховтың рөлін Геннадий Хазанов ойнайды. Түсірілімнің алғашқы этабы "Мосфильм" павильонынында өткен. Содан соң түсірілім тобы Қырымға барып Судак қаласында түсірілім жүргізсе, қазір Ялтада.

Киноның бастапқы сюжеті өзгермейді. Дегенмен римейк кинода қазіргі заманның бояуы басым болмақ. Шытырманға толы оқиғаларды сақтап қалу үшін әзірге сюжеттің егжей-тегжейі қатаң құпияда ұсталып келеді.
 
"Біз бұл жұмысқа ұлы шығарманы аттап кетпек боп бел байлаған жоқпыз. Тек біз бұл киноны ұрпақтарымызға қазіргі қөзқараста көрсетпекпіз. Костюмдер мен декорациялар Леонид Гайдайдың кезіндегідей болып сақталады. Бұл туынды арқылы да кинофильмнің ұлылығын сақтап қалуға тырысамыз", - депті римейк киноның режиссері Максим Воронков ағынан жарылып.
Басты кейіпкерлер Нина мен Шуриктің рөлдеріне жас әртістер Анастасия Задорожная мен  Дмитрий Шаракоис шақырылған. «Алып қаладағы махаббат» жобасында жұлдызы жанған Анастасия «Қарапайым шындықтар» деген сериалға түсіп үлгерген.

Нинаның рөліндегі Анастасия Задорожная

           Николай Добрынин, Сергей Степанченко және Семен Стругачев

Ал түсірілім 20 тамызда аяқталмақ болып жоспарланып отыр.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: rosukrinform.com, news.liga.net, mywebs.su, cit.ua, fakty.ua, mywebs.su