Атақты режиссер Квентин Тарантино "Күндердің бір күнінде... Голливудта" фильмінің сюжеті бойынша роман жазуға кіріспек. Тоғызыншы туындысының әдеби адаптациясы туралы ол Pure Cinema подкастында хабарлады.
"Бұл идеяның пайда болғанына көп болды. Әлі ойланып жүрмін", - деді режиссер әдеттегідей нақты жауабын айтпай. Қазір шебер лентаның спин-офф нұсқасымен жұмыс істеп жатыр.
Актер Брэд Питт The New York Times басылымына берген сұхбатында Тарантино фильмге енбей қалған кадрларды пайдалана отырып мини-сериал жасайтынын хабарлаған болатын.
Еске салайық, режиссер Квенин Тарантиноның 9-шы фильмі Голливудта 1969 жылы болған "алтын ғасыр" дәуірі негізінде түсірілген. Сюжетке сәйкес, актер Рик Далтон (Леонардо ДиКаприо) мен оның дублері Клифф Бут (Брэд Питт) өте жылдам өзгергіш киноиндустрия саласында өз орындарын тапқылары келеді.