Күзгі саябақтардың жаңбыр арқылы тіл қатуы, қарашаның мұңды жүзі мен Голливуд мелодрамаларындағы өліара шақтық романстар...
Әрине, бұл мезгілдің сұлулығы ешкімді бей-жай қалдырмайды. Маған сенбейсіз бе? Ендеше режиссерлерден сұраңыз. Олардың құр сөзінен гөрі, картиналарын тамашалаңыз. Кадрлар өздері сөйлейді.
Күз аңыздары
Цвиктің туындысы тарихи оқиғаға негңзделген драма, оның оқиғалары XX ғасырдың бірінші жартысында болған.
Сюжет отставкадағы полковник Лудловтың (Энтони Хопкинс) үш ұлының төңірегінде өрбиді, олар бір әйелге - Сюзаннаға (Джулия Ормонд) ғашық. Кейіпкердің өзі өмірін ағайындылардың ортаншысы, яғни, Тристансыз (Брэд Питт) елестете алмайды.
Киноның көркем кадрлары Канадада қыркүйектің ортасында түсірілген.
Аударма қиындығы
Копполаның фильмі шын мәнісінде күз туралы емес, тіпті, романтика туралы да емес. Шарлотта (Скарлетт Йоханссон) мен Боб (Билл Мюррей үлкен шетелдік мегаполисте адасқан жандар, қоршаған әлемге екеуі де күмәнмен қарайды. Сол себепті олар нағыз романтикаға қол жеткізе алмайды. Бірақ, біле білгенге соның өзі романтика емес пе?!
Фильм қыркүйек пен қазанда Токиода түсірілген. Шарлоттаның Киотоға экскурсияға барғанда жапон саябағының фонында орналасқан храмдарды шарлауы тым әсерлі.
Нью-Йорктегі күз
Күзгі Нью-Йорк көркімен көз тартады. Киноны көре отырып бұл алып қаланың қызыл-сары жапырақтарға көмілген Орталық саябағында қыдырғың-ақ келеді. Дәл сол бақта Уилл Кин есімді мейрамхана иесі өзінің құрбысына көңілі суыған соң, үріп ауызға салғандай сұлу бикеш Шарлотта Филдингті жолықтырады. Махаббат жасқа қарамайды. Бірақ...
Тәтті қараша
Нельсон Мосс есімді жұмысбасты жігіт айналасына бұрылып қарауға мұршасы жоқ. Үнемі асығады да жүреді. Осыған үйреніп кеткені сонша, өмірін басқаша елестете алмайды. Бірақ оның өмірінде Сара Дивер есімді сырт көзге көңілді әрі күш-қуаты тасып тұрған бикеш кездеседі. Егер Сараның қолынан келсе, Нельсон оның тағдырын түзеген адамдар тізіміндегі кезекті жеңісі болмақ...
Көл жағасындағы үй
Кейт Форестер есімді доктор көл жағасында орналасқан үйінен басқа қалаға көшіп кетеді. Кетер алдында ол үйдің жаңа қожайынына хат қалдырады. Көл жағасындағы үйдің жаңа тұрғыны Алекс Уайлермен хат алмасу барысында олардың әртүрлі уақытта өмір сүріп жатқаны белгілі болады... Шын ғашықтарды ештеңе де, тіпті уақыттың өзі ажырата алмайтынын дәлелдейтін ғажайып махаббат оқиғасы.