Құтқарушы болуға бағыт-бағдар беретін 5 фильм

Кейде белгілі бір салаға қызығу үшін фильм көру жеткілікті. Әсіресе өмірден алынған оқиғаларды бейнелейтін фильмдердің әсері күштірек болмақ. Бүгін назарға құтқарушы болам дейтін жандарға бағыт-бағдар беретін фильмдер топтамасын ұсынамыз.

Жүректілер ісі / Дело храбрых / Only the Brave
Жанр: Драма
Шыққан жылы: 2016
Режиссёр: Джозеф Косински
Әлемдік тұсаукесері: 22 қыркүйек, 2017
Ел: АҚШ

Фильм шынайы оқиға негізінде түсірілген. Оқиға барысында "Granite Mountain Hotshots" атты өрт сөндіру командасының мүшелері Аризона штатының аймағында болғана алапат жалынмен бетпе-бет келеді. Күресу барысында команданың 19 мүшесі қаза тапты.  

33 / The 33
Жанр: Драма
Шыққан жылы: 2015
Режиссёр: Патрисия Ригген
Әлемдік тұсаукесері: 2 тамыз, 2015
Ел: АҚШ, Чили

Патрисия Риггеннің биологиялық драмасы "33"-те өмірде болған оқиға негізінде түсірілген. Оқиға 2010 жылы орын алды. Чилилік отыз үш кенші 69 күнге жер астында қалып қояды. Олардың сол уақытта басынан кешкендерін фильм әсерлі жеткізеді.

Әлемдік сауда орталығы / Башни-близнецы /  World Trade Center
Жанр: Мелодрама
Шыққан жылы: 2006
Режиссёр: Оливер Стоун
Әлемдік тұсаукесері: 9 тамыз, 2006
Ел: АҚШ

Фильмдегі оқиға 2001 жылдың 11 қыркүйегінде болған оқиға негізінде іске асады. Полиция қызметкердері  Джон МакЛофлин және Уилл Химено Манхеттен ортасында жүріп, әдеттегіден төмен ұшып жүрген ұшақты байқайды. Бөлім орталығына келе салысымен, теледидар арқылы Әлемдік сауда орталығының солтүстік мұнарасына ұшақ соғысқанын көреді. Әлем бойынша ең құрбаны көп деп танылған террористік оқиға кезінде еңбегі ерең құтқарушылар, полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілер туралы фильм.

Қоңырау / Тревожный вызов / The Call
Жанр: Триллер
Шыққан жылы: 2013
Режиссёр: Брэд Андерсон
Әлемдік тұсаукесері: 15 наурыз, 2013
Ел: АҚШ

Джордан Тёрнер "911" құтқару орталығында диспетчер қызметін атқарады. Күніне оларға бірнеше мыңдаған қоңырау түседі, көмек сұрайды. Бір күні оған бейтаныс бойжеткеннен қоңырау келеді. Ол өзін әлдекімнің ұрлап кеткенін айтады.  Енді диспетчердің міндеті бойжеткен аман алып қалу болмақ. 

Метро
Жанр: Триллер
Шыққан жылы: 2013
Режиссёр: Антон Мегердичев
Әлемдік тұсаукесері: 15 ақпан, 2013
Ел: Ресей

21 қыркүйек. Мәскеу. Таңертең адамдардың барлығы метроға мініп жұмысқа, оқуға асығып бара жатыр. Бірақ оларды үлкен апат күтіп тұрған еді. Соққыдан аман қалғандар, жан сақтау үшін метро жолымен жүре береді. 

Бүгінге топтама осындай. Қай фильм сіздің көңіліңізден шықты?