Кіші Роберт Дауни "Кек алушылар. Альтрон дәуірі" фильмінің промо-сұхбатын жеке мәндегі жағымсыз сұрақтардан кейін үзіп тастады, - деп хабарлайды Hollywood Reporter. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.
Актерге оның "бұлыңғыр тарихы" туралы сұрақтар ұнамай қалған. Кіші Роберт Дауни тілшінің фильм жайлы емес, оның жеке басына қатысты мәселелерге назар аудара бастағанында абдырап қалады. "Шын мәнінде өте өкінішті, мен шын мәнінде - біз не істеп отырмыз?", - деді кіші Дауни. Бұдан кейін "Кек алушылар. Альтрон дәуірі" фильмінің актері микрофонын алып тастап, студиядан кетіп қалады.
Осыған дейін "Кек алушылар. Альтрон дәуірі" фильмінің 1 мамырда шығатыны хабарланған болатын және тарихта прокат бойынша ең көп қаржы жинайтыны айтылды. Болжам бойынша, картина алғашқы демалыс күндері 210 миллион доллар жинауы керек. Осылайша, суперқаһармандар жайлы фильм Marvel компаниясының туындылары ішінде рекорд жаңартуы керек болған.
Еске салайық, "Кек алушылар. Альтрон дәуірі" фильмі қазақ тіліне дубляждалды. Қазақ тіліне аударудың продюсерлік жұмыстарын Тимур Балымбетов өзіне алды. Қазақстандық әнші Мақпал Исабекова актриса Скарлетт Йоханссонның дауысын салды. Сонымен қатар, қазақ тіліне аударуда қазақстандық актерлер еңбек етті Жасұлан Байсалбеков (Альтрон), Бейбіт Камаранов (Тор), Ержан Жарылқасынов (Тони Старк - Темір адам), Ерғали Төлебаев (Америка капитаны), Бақытжан Жармұхамбетов (қыран көзі) және Самат Қордабаев (Халк). Дубляжға Бағанашылдағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері де қатысты.
сурет: reuters