Голливуд сыншылары қауымдастығы Кристен Стюартты онжылдықтың үздік актрисасы деп таныды. Салтанатты марапаттау рәсімі 9 қаңтар күні болады.
Соңғы 10 жылда Кристен Стюарт Оливье Ассаястың "Жеке сатып алушы", Вуди Алленнің "Ақсүйектер өмірі", Джек Керуактың "Жолда" аталатын романының экранизациясы және өзге де көптеген картиналарға түсіп, көрерменнің ыстық ықыласына бұрынғыдан бетер бөленді.
Биыл ол атақты "Чарли періштелері" картинасының ремейк нұсқасына түсті. Ал 2020 жылы Кристен "Француз жаңа толқынының" белгілі өкілі Джин Сибергті сомдайтын "Жауға қарсы" фильмі әлемдік прокатқа шығады.
Актриса өзін режиссер ретінде де сынап көрген болатын. Оның алғашқы дебюттік туындысы қалай қабылданғаны туралы мына жерден оқи аласыздар.