Сіздерге көру керек 10 фильмнің жалғасын ұсынып отырмыз. Алдыңғы бестік көңілдеріңізден шыққан болса, келесі ұсынылып отырған бестік ішінде отандық өнім де бар.
6. «Сана ойыны» (Игры разума)
Фильм адам психологиясы мен сананың ішіндегі арпалысқа толы дүниеге негізделген. Жалпы фильм жайында оның атауы көп ақпарат беріп тұр.
Ұзақтығы — 2 сағат 20 мин;
Жанр — Романтикалық драма.
Фильм сіздің қиял шегіңізді жұлдыздар әлеміне бастап барады. Құс жолы бойында шоғырланған жұлдыздар, кеңістік – бәрі сіздің көз алдыңызда көрініс табады.
Ұзақтығы — 2 сағат 49 мин;
Жанр — детективті фанастика.
Басты кейіпкердің басынан өткен қасірет пен кек оған сабақ болады. Бірақ «сабақ болатын» сөздің түпкі мағынасына үңілу басқаша болар еді. Өйткені заңға бағына отырып қылмысқа баратын фильм сізді қызықтырмай әрі әсер бермей қоймайды.
Ұзақтығы — 1 сағат 58 мин;
Жанр — Драмаллық триллер.
Соғыс кезінде тұтқындалып қасіреттің бәрін көрген америкалық сарбаздың тағыдыры турасындағы фильм тұнып тұрған драма. Фильм барысында кектің, сабырлық пен адамдық қасиеттің ең ұлысы кешірімділікті көруге мүмкіндік аласыз. Фильм шынайы өмірге негізделген.
Ұзақтығы —1 сағат 57 мин;
Жанр — драма/биографиялық.
Бұл фильм – М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында өзгеше суреттелген Абайдың әкесі Құнанбай хақында түсірілген отандық өнім. Фильм сіз бен біз танып келген Құнанбайдың мүлде басқа адам екенін, рухтың, жігер мен биге тән ұстамдылық, қазақ халықының сол кездегі өмірінен сыр шертеді.
Ұзақтығы — 1сағат 38 мин;
Жанр — деректі – тарихи, биографиялық.