Қытайдағы коронавирус індетінің салдары Голливудтай ірі кино өндірісі ордасының жағдайын әлсіретейін деп тұр. Бұл туралы The Hollywood Reporter хабарлады. Олардың айтуынша, Қытайдағы премьерасы ақпан айына жоспарланған фильмдер еш касса жинамайын деп тұр.
Ең алдымен, хит картина болады деп болжанған Сэм Мендестің "1917" фильмі, Тайка Вайтитидің "Джоджо қоян" картинасы мен Грета Гэрвигтің "Кішкентай әйелдері" бар. Бұлармен қоса, "Дулиттл" мен "Хеллбойдың" премьерасы да болмайды. Барлық көрсетілімдер кейінге шегерілді, бірақ нақты қай уақытқа дейін екені белгісіз.
Қытай кинотеатрларынан үміт күтіп отқан голливудтық фильмдер қомақты қаржыдан қағылайын деп тұр.