Таяуда әлемнің ең қымбат фильмі туралы сөз қозғаған болатынбыз. Әрине, фильм түсіру үшін қыруар қаржы кетеді. Фильмнің табыстылығы көрермен қауымның есінде қалуы мен оның өз қаржысын ақтап алуына байланысты болады. Whoyougle.ru сайтының мәліметі бойынша, соңғы 15 жылда түсірілген келесі фильмдер бюджеті өздерін өзі ақтап, үлкен табысқа жеткен.
«Аватар» (Avatar), 2009 жыл
«Аватар» ғылыми-фантастикалық фильм кино тарихында үлкен жаңалық енгізді. Фильм табысы экранға шыққан соң, небәрі алты аптадан кейін әлемдік прокатта фильм 1,86 млрд АҚШ долларға жетті. Бұл фильм табысы талай рекордты артқа тастаған «Титаник» фильмін табыс жағынан басып озды. Екі табысты фильмді Джеймс Кэмерон түсірген. Киносыншылардың айтуы бойынша, «Аватар» фантастика жанрдағы ең қымбат картина болды.
«Титаник» (Titanic), 1997 жыл
Джеймс Кэмерон түсірген бұл фильмде әйгілі «Титаник» лайнерінде болған махаббат хикаясы баяндалады. Өз уақытында әлемдік рекордты жаңғыртып, танымал болған. Әлемді қайғылы махаббат желісімен баурап алған картина 1,84 млрд АҚШ доллар табыс тапқан.
«Сақиналар әміршісі: Корольдің оралуы» (The Lord of the Rings: The Return of the King), 2003 жыл
Дж. Р. Р. Толкин романының желісімен түсірілген Питер Джексонның трилогиясының соңғы бөлімі үлкен сұранысқа ие болды. Фантастика жанрдағы классикалық шығарма New Line Cinema кинокомпаниясына 1,12 млрд АҚШ доллар табыс әкелген.
«Кариб теңізінің қарашылары: Өлген жанның сандығы» (Pirates of the Caribbean: Dead Man`s Chest), 2006 жыл
Гор Вербинскидің шытырман оқиғалы фильмі экранға шыққан бойда үлкен табысқа жетті. Фильм табысы 1,1 млрд АҚШ доллардан асты.
«Қара сері» (The Dark Knight), 2008 жыл
Кристофер Нолан түсірген бұл фильм экранға шыққан комикстердің арасындағы ең сәтті шыққан туынды. Бэтмен қаһарманның Джокер есімді зұлыммен болған күресін бейнелейтін фильм 1 млрд АҚШ доллар табыс тауып, Internet Movie Database сайтының тарихындағы ең үздік фильмдердің ондығынан көрінді.
«Гарри Поттер және Философия тасы» (Harry Potter and the Philosopher`s Stone), 2001 жыл
Сиқыршы бала Гарри Поттер туралы фильм экраннан көрінген бойда үздіктердің қатарынан көрінді. Крис Коламбус түсірген фильм Warner Brothers киностудиясы әлемдік прокатта 975 млн АҚШ доллар табыс тапты.
«Кариб теңізінің қарақшылары: Жер түбінде» (Pirates of the Caribbean: At World`s End), 2007 жыл
Гор Вербинскидің қарақшылар туралы түсірген үшінші фильмі «Ең қымбат фильм» деп танылған. Алайда, бұл фильмнің түсірген пайдасы 961 млн АҚШ долларын құрайды.
«Гарри Поттер және Феникс Ордені» (Harry Potter and the Order of the Phoenix), 2007 жыл
Сиқыршы бала Гарри Поттер туралы түсірілген бесінші фильм жарыққан шыққан бойда үздіктердің қатарынан көрінді. Бұл фильмнен түскен табыс 938 млн АҚШ долларын құрайды.
«Сақиналар әміршісі: Екі қамал» (The Lord of the Rings: The Two Towers), 2002 жыл
Үстемдік Сақинасы мен өжет хоббитер жайлы баяндалатын режиссер Питер Джексонның кинотрилогиясының екінші бөлімі 925 млн АҚШ долларынан астам пайда көрді.
«Жұлдыз соғыстары. Эпизод I. Жасырын қатер» (Star Wars Episode I: The Phantom Menace), 1999 жыл
Джордж Лукастың фантастикалық оқиғасы жарыққа шыққан бойда, көрермендерді қуантып, 924 млн АҚШ доллар пайда тапты.
Бұл соңғы 15 жылда жарыққа шығып, үлкен табысқа кенелген фильмдердің тізімі. Ал кинематограф саласында ең үлкен табысқа кенелген фильм Виктор Флемингтің «Желмен ғайып болғандар» (Gone with the Wind) туындысы. Бұл фильм 1939 жылы түсірілген. Сол уақытта фильмнен түскен қаржы 390 млн АҚШ долларын асты.
Қазіргі бағамға шаққанда бұл қаражат сомасы 3,7 млрд АҚШ долларын құрайды.
Суреттер https://samogo.net ғаламтор бетінен алынған
Форумда талқылау